Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылуды тұтыну және жылумен қамту жүйелері

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  1,270 Слов (6 Страниц)  •  805 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАқ

СӨЖ

Тақырыбы: Жылуды тұтыну және жылумен қамту жүйелері.

Орындаған: Рахматула М.Г

Тексерген: Жуманова Г.Т

Оқу тобы: БЖ-801

2021ж

Жоапар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қалалар мен ірі қоныстанған мекендер ғимараттары мен үймереттерінің инженерлік жүйелері жылумен қамтамасыз етіледі. Жылумен қамту халық шаруашылығының негізгі бір саласы, ол күрделі инженерлік құрылымдар болып саналады. Жылумен қамту жүйесінің жылу көзі ретінде жылу электр орталығы жəне қазандық болады, осыған байланысты жылу энергиясын өндірудің араластырылған жəне бөлек тəсілдерін айырады. Егер жылумен қамту ЖЭО-нан болса, жылу мен электр энергиялары араластырылған тəсілімен өндіріледі, ал жылумен қамту орталықтандырылған болып саналады. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде жылутасымалдағыштың температурасы 1500 С. Жылумен қамтуды орталықтандыруы отынды үнемдеуден басқада еңбек өнімділігін көтеруге себепкер бола отырып, өндіріс мəдениетін де көтеруде маңызды орын алады. Бұл жағдай отын ысырабын 20÷25%-ға қысқартады. Коммуналдық - тұрмыстық жəне технологиялық тұтынушылардың мұқтаждықтары үшін жылу энергиясының көздері қазандықтар (жылу өндіргіш қондырғылар) болып табылады. Жылутасымалдағыш жылу желілерінің беретін құбыры арқылы ғимараттардың жылыту, желдету жəне ыстық сумен қамту жүйелеріне беріледі, ал қайтатын құбыры арқылы су тұтынушылардан қазандыққа қайта оралады. Өндірілген жылудың ең көп мөлшері ғимараттар мен үймереттердің жылыту жүйелеріне пайдаланады. Жылыту жүйесінің жылу жүктемесін анықтау үшін қарастырылатын қалалар немесе ірі қоныстанған мекендердің ең суық бес күндіктің ауа температурасы қабылданады, ол сыртқы ауаның есепті температурасы (t'o) деп аталады. Жылыту жүйесінің жұмыс басталуы немесе тоқтатылуы сыртқы ауа 4 температурасына (+8оС) байланысты, сондықтан (+8оС÷ t'o) температуралар аралығы жылытылатын мерзім деп саналады. Ыстық сумен қамту жүйесінде жылу жүктемесі пайдаланатын адамдар санына байланысты үздіксіз өзгеріп тұрады. Тұтынушылардың жылу жүктемелерін тұрақты ұстап тұру үшін жылу желілерінің гидравликалық тəртібі автоматты түрде реттеледі. Жылу желілерінің құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартуларды қабылдайытын теңелткіштер, жылжымалы жəне жылжымайтын тіреулер, арнайы камералар мен павильондарда орналастырылған өлшеуші, реттеуші жəне қорғаушы жабдықтар, сорғыш бекеттері, аудандық жылу пунктері (АЖП) жəне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП) кіреді. Орталықтандырылған жылумен қамтуда жылу желілерінің ұзындығы ондаған шаршы метрлерді құрайды, орташа жұмыс атқаратын радиусы 15÷30 км, ал бас магистраль құбырларының диаметрі 1400 мм-ге жетеді. Жылу құбырларын жер астында өткізбейтін, жартылай өткізілетін каналдар мен коллекторларда жəне каналсыз салады. Жылу құбырлары бойынша жылутасмалдағыштың қозғалуы кезінде жылу жоғалуын азайту үшін оларды жылумен оқшалауды қарастырады. Жылумен қамтудың гидравликалық жəне жылулық тəртіптерін басқару үшін, оны автоматтандырады, ал жылу жүктемесі тұтынушылардың талаптарына сəйкес реттеледі. Жылу жіберуді қойылатын талапқа сəйкес ұстап тұру үшін жылу көздерінде орталық сапалы реттеу қолданылады. Жылумен қамтудың жоғары сапасына орталық реттеуді ғана пайдалануға болмайды, сондықтан жылу орындары мен тұтынушыларда қосымша жергілікті реттеу жəне автоматтандырылған реттеуіштер қолданылады.

Негізгі бөлім

Қалалар мен қоныстанған елді мекендердің жылумен қамту жүйелері үш сатыдан: жылу энергиясын дайындаудан, тасымалдаудан жəне пайдаланудан тұрады. Жылу көзінде дайындалған жылу энергиясы (жылутасымалдағыш) жылу желілерінің құбырлары арқылы тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың жылу пайдаланатын инженерлік жүйелеріне жəне өндірістік кəсіпорындарының технологиялық қажеттіліктеріне тасымалданады. Инженерлік жүйелер ретінде жылыту, желдету, ауа баптау жəне ыстық сумен қамту жүйелері қарастырылады, олар пайдаланатын жылутасымалдағыш шығыны - жылу жүктемелері деп саналады. Жылу пайдаланатын тұтынушылардың əртүрлі тұтыну сипаттары бар. Ғимараттардың жылыту жəне желдету жүйелері тек жылытылатын мерзімде жұмыс атқарады, яғни жылу 15 қазаннан 15 сəуірге дейін беріледі, ал ыстық сумен қамту жүйелері мен кəсіпорындарының технологиялық процестеріне жылу күнделікті жыл бойында пайдалануда. Жылу тұтыну сипаттары бойынша жылу жүктемелерін: маусымдық жəне жыл бойындағы деп екі топқа бөлуге болады. Маусымдық жылу жүктемелері климаттық жағдайларға байланысты, себебі жылытылатын мерзімде жылу шығыны сыртқы ауа температурасына байланысты өзгереді. Негізгі маусымдық жылу жүктемелеріне əртүрлі ғимараттар мен үймереттердің жылытуына, желдетуіне жəне ауа баптауына пайдаланатын жылу жүктемелері жатады, олардың жылу шығындары тəулік бойынша тұрақты, ал жыл бойында өзгерісті болады. Жыл бойындағы жылу жүктемелеріне тұрғын үйлердің ыстық сумен қамту жүйелері, қоғамдық ғимараттардың коммуналды – тұрмыстық жəне өндірістік кəсіпорындардың технологиялық қажеттіліктері қарайды. Ыстық сумен қамту жүйелерінің жүктемесі тұтынушылардың құрылымдары мен олардың тағайындалуымен анықталады. Жыл бойындағы жылу жүктемелері негізінен сыртқы ауа температурасына байланысты емес (немесе өте аз байланысы), олардың жылу шығындары жыл бойы тұрақты, ал тəулік бойы өзгерісті болып саналады. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінде маусымдық жəне жыл бойындағы жылу жүктемелері қарастырылады. Тұрғын жəне қоғамдық ғимаратарының жылытылатын мерзімінің ұзақтылығы сыртқы ауа температурасы (+8оС) -дан төмен болуымен анықталады. 6 Сондықтан жылыту жүйесінің жылу жүктемесі сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты: (+8оС) кезінде минималды, ал есепті (t'o) кезінде максималды.

...

Скачать:   txt (19.5 Kb)   pdf (86.9 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club