Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақтөбе қаласының ауданын жылумен қамту

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Контрольная работа  •  4,612 Слов (19 Страниц)  •  378 Просмотры

Страница 1 из 19

Қосымша-2

Есепті графикалық және дипомдық жобаны орындауға тапсырма және есептеу үлгісі.

Жоба (жұмыс) тақырыбы:  Ақтөбе қаласының ауданын жылумен қамту

Жобаға (жұмысқа) берілген деректері Бас жоба (сурет 1), климатологиялялық деректері, адам тығыздығы Р=420 адам/га, жалпы аудан нормасы f=18м2, жылу тасымалдағыш параметрлері 150/95/70 градус., судың қаттылығы 4÷6 мг-экв/дм3

Есепті-түсініктелік қағаздың мазмұны (қарастырылатын сұрақтар тізімі) Кіріспе. Жылу ағындарын анықтау. Жылу желілері. Жылу желілерінің есепті су шығындары. Жылу желілерінің гидравликалық есебі. Жылу желілерінің пъезометрлік графигі. Жылу желілерінің сорғыштары.Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі.

Графикалық материалдар тізімі (сызбалардың толық аталуымен) Жылумен қамту жүйесінің бас және есепті сұлбалары. Жылу шығындарының қосындысы бойынша ұзақтылық графигі. Жылу желісінің пъезометрлік графигі.

Жалпы сипаттама. Жобада жылу тұтынушылардың жылыту, желдету және ыстық сумен қамту жүйелерінің есепті шығындары анықталған. Жылу энергия көзі ретінде жылу электр орталығы қолданылады, ол қоршаған ортаны қорғау және ауа алабын қорғауын есепке алғанда қаланың оңтүстік-шығыс  бағытында орналастырылады.

Жылумен жабдықтау жүйесі ашық. Жылумен жабдықтау жүйесінде жылу көзінен тұтынушыларға дейін екі сатылы ашық жүйесі қабылданады. Жылу беруді реттеу орталықтан біріккен жылыту және ыстық су жүктемелері бойынша жүргізіледі. Тұрғын - коммуналдық сектрлардағы ғимаратардың жергілікті жылыту пунктерінің автоматтандыру шаралары қарастырылады.

Қаланың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жылулық  желілері жылу көзінен жобалау ауданданға дейін жер үстімен, ал тұрғын - коммуналдық ауданда жер астымен каналдар арқылы төселеді. Жылу желілері беретін және қайтатын екі құбыр өткізгіштерден тұрады.

[pic 1] Сурет 1. Ауданның бас жоспары[pic 2][pic 3]

2.1 Есепті жылу ағындарын анықтау.

Қалалар мен қоныстанған мекендерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі кезекті үш сатыдан тұрады: жылутасмалдағышты дайындау; жылутасмалдағышты тасымалдау;  жылутасмалдағышты пайдалану.

Жылутасмалдағышты тасымалдау жылу энергиясын өндірушіден тұтынушымен байланыстыратын жылу желілері бойынша жүзеге асырылады. Жылутасмалдағышты тікелей тұтынушы коммуналды - тұрмыстық және өндірістік тұтынушылардың жылыту, желдету және ыстық сумен қамту жүйелері мен өндірістік кәсіпорындарының технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Жылутасмалдағышты әртүрлі жылу тұтыну сипаттары бар тұтынушыларға жылу желілері бойынша беріледі. Жылу тұтыну сипаттары бойынша әртүрлі жылу жүктемелерін екі топқа бөлу қабылданған:  маусымдық және жыл бойындағы. Маусымдық жылу жүктемелеріне әртүрлі ғимараттар мен құрылыстардың жылытуына, желдетуіне және ауа баптауының жылу жүктемелері жатады.

Жыл бойындағы жылу жүктемелеріне  өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктеріне және коммуналды - тұрмыстық, қоғамдық, өндірістік тұтынушылардың ыстық сумен қамтуының жылу жүктемелері болып табылады. Жыл бойындағы жылу жүктемелері негізінен сыртқы ауа температурасына байланысты емес (немесе байланысы өте аз), жыл ішінде тұрақты да, тәулік ішінде біркелкі емес.

Жылумен қамту жүйелерін жабдықтау үшін тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттарды жылыту, желдету мен ыстық сумен қамту үшін максималды жылу ағымдарын на сәйкес типтік жобалар бойынша қабылданады. Жоба болмаған жағдайда қалалардың тұрғын аудандары мен өзге де тұрғын аймақтары үшін жылыту, желдету мен ыстық сумен қамтудың жылу ағымдарын үлкейтілген көрсеткіштер бойынша тұрғындардың саны (т) мен құрылыстың жалпы ауданының көмегімен (А) байланысты анықталуы мүмкін.

Қалалардың жылумен жабдықтау жүйлерін жобалау үшін тұрғын аудандарда орналасқан ғимараттардың жылыту, желдету және ыстық су жүйелерініің жылу ағындары анықталады, ол үшін кварталдардағы тұрғындардың саны қажет.

...

Скачать:   txt (63.6 Kb)   pdf (1.7 Mb)   docx (2 Mb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club