Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кардиоваскулярлы, тыныс, ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері бойынша аралық бақылау

Автор:   •  Апрель 20, 2020  •  Тест  •  418 Слов (2 Страниц)  •  724 Просмотры

Страница 1 из 2

«Стоматология» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау

Сабақтың тақырыбы: кардиоваскулярлы, тыныс, ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері бойынша аралық бақылау.

1 вариант

1 тапсырма. Тест сұрақтары (бір және бірнеше дұрыс жауаптармен). Әр сұрақ – 5 балл.

     

1. Жүректің төс-қабырғалық бетінде орналасқан жүлге:

  1. артқы қарыншааралық
  2. алдыңғы қарыншааралық
  3. шекаралық
  4. дорсалды
  5. жүрекшеаралық

2. Оң қарыншадан шығатын тамыр

  1. тәждік артерия
  2. қолқа
  3. өкпе сабауы
  4. ұйқы артериясы
  5. бұғанаасты венасы

3. Төменгі қуыс вена түзіледі:        

  1. қақпа венасының қосылысынан
  2. жалпы мықын веналарының қосылысынан
  3. сан веналарының қосылысынан
  4. ішкі мойындырық веналарының қосылысынан
  5. шажырқай және көкбауыр веналарының қосылысынан

4. Қақпа венасының құйылыстары:

  1. мықын венасы
  2. жоғарғы шажырқай венасы
  3. төменгі шажырқай венасы
  4. бүйрекүсті веналары
  5. көкбауыр венасы

5. Іш қолқасының тармақтары:

  1. бел артериялары
  2. төменгі құрсақүстілік артерии
  3. төменгі көкет артериялары
  4. артқы қабырғааралық артериялар
  5. төменгі тікішектік артериялар

6. Мұрын қуысының аймақтары:

  1. тыныстық
  2. мұрын-көзжастық
  3. иіс сезу
  4. дәм сезу
  5. көру

7. Өкпенің бес сегмент болатын үлесі:

  1. оң өкпенің төменгі үлесі
  2. оң өкпенің ортаңғы үлесі
  3.  сол өкпенің төменгі үлесі
  4. оң өкпенің жоғарғы үлесі
  5.  сол өкпенің жоғарғы үлесі

8. Ірі сілекей бездері:

  1. ұрт бездері
  2. тіласты безі
  3. молярлық бездер
  4. төменгі жақсүйекасты безі
  5. шықшыт безі

9. Жоғарғы тістерден веналық қан ағып кетеді:

  1.  бет венасына
  2.  тіл венасына
  3.  жоғарғы қалқнша венасына
  4.  қанат тәрізді өрімге
  5.  жоғарғы жақсүйектік венаға

10. Ортаңғы мұрын жолына ашылады:

  1. мойындырық тесігі
  2. торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары
  3. көз-жас мұрын өзегі
  4. дөңгелек тесік
  5. сына тәрізді қойнаудың тесігі

11. Контрфорс дегеніміз:

  1. бассүйек күмбезі аймағындағы сүйекті дөңестер
  2. беттік бассүйек аймағындағы сүйекті жұқа аймақтар
  3.  күш түсетін сүйекті қалыңдаулар
  4. бассүйек күмбезіне берілетін шайнау қозғалысы
  5. төменгі жақсүйек бұдырмақтары

12. Жақ-тіласты сүйегі құрайды:

  1. кеуде қуысының қабырғасын
  2. іш қуысының қабырғасын
  3. жамбас қуысының қабырғасын
  4. ауыз қуысының қабырғасын
  5. мұрын қуысының қабырғасын

13. Тіл жүгеншігі орналасады:

  1. ауыз қуысының түбінде
  2. тілдің арқасында
  3. тілдің жиектерінде
  4. тілдің түбірінде
  5. ауыз қуысының кіреберісінде

14. Тілді алға және төмен тартатын бұлшықет:

  1. тіласты-тіл бұлшықеті
  2. иек-тіл бұлшықеті
  3. біз-тіл бұлшықеті
  4. таңдай-тіл бұлшықеті
  5. тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті

15. Сілекей бездері … туындылары:

  1. ауыз қуысының шырышты қабығының
  2. ауыз қуысының бұлшықетті қабатының
  3. ауыз қуысының шырышасты қабығының
  4. шырышты қабықтың меншікті дәнекертіндік қабатының
  5. шырышты қабықтың бұлшықетті қабатының

16. Өңештің бөліктері:

  1. жұтқыншақтық
  2. іштік
  3. көкеттік
  4. мойындық
  5. кеуделік

17. Соқыр ішек жалғасады:

  1. асқазанға
  2. жоғарылаған жиек ішекке
  3. көлденең жиек ішекке
  4. мықын ішекке
  5. сигма тәрізді ішекке

18.Бауырдың сол үлесінің висцералды бетінде орналасатын батыңқы:

  1. жүректік
  2. бүйректік
  3. дуоденалды
  4. өңештік
  5. бүйрекүсті бездік

19. Экстраперитонеалды орналасатын ағза:

  1. тік ішектің төменгі бөлігі
  2. асқазан
  3. соқыр ішек
  4. өт қапшығы
  5. бауыр

20. Асқазанның он екі ішекке ауысатын жерінде орналасатын анатомиялық құрылым:

  1. қақпақтық үңгір
  2. бұрыштық тілік
  3. қақпақтық қысқыш
  4. асқазан қабырғасының қысқышы
  5. асқазанның түбі

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (168.7 Kb)   docx (56 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club