Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылумен қамту, және жылу жүйелерінің түрлері

Автор:   •  Апрель 7, 2018  •  Курсовая работа  •  5,784 Слов (24 Страниц)  •  4,835 Просмотры

Страница 1 из 24

                                                        Кіріспе

 

Қалалар мен ірі қоныстанған мекендер ғимараттары мен уймереттердің инженерлік жүйелері жылумен қастамасыз етіледі. Жылумен қамту халық шаруашылығының негізгі бір саласы ол күрделі инженерлік құрылымдар болып саналады. Жылумен қамту жүйесінің жылу көзі ретінде жылу электр орталығы және қазандық болады. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде  жылу тасымалдағыштың өзіндік  температурасы болады. Жылумен қамтуды орталықтандырылуы отынды үнемдеуден басқада еңбек өнімділігін көтеругесебепкер бола отырып, өндіріс мәдениетінде де көтеруде маңызды рөл атқарады. Жылумен қамтудың гидравликалық , және жылулық тәртіппен басқару үшін оны автоматтандырады, ал жылу жүктемесі тұтынушылардың талаптарына сәйкес реттеледі. Ал жылу желілерінің құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартулар, арнайы камераларды повильондарда орналастырылған  өлшеуші, реттеуші және қорғаушы жабдықтар кіреді. Ыстық сумен қамту жүйесінде жылу жүктемесі пайдаланатын адамдар санына байланысты үздіксіз өзгеріп отырады. Және ішкі жабдықтау жүйесінің жіктелуі, торап схемалары және жүйеде пайдаланылатын арматуралар, құбырматериалдары толығымен берілген. Сонымен қатар екі бөлімнен тұрады. Жылумен қамту жүйелерінің түрлері ал екіншісі, ыстық сумен қамту жүйесі бөлімдерінен тұрады әрине онда тек осы екі тақырып бойынша ғана емес, сумен жылыту жүйесі, және қамту, сораптық сумен жылыту жүйесін автоматтандыру принципиалдық нобайы жайында, және су өлшеуіш түйіндер, аспаптар туралы және қанатты өлшеу тағы да басқа мәліметтер толығымен берілген. Сонымен қатар, үйлерді сумен жабдықтау  жүйелеріндегі жергілікті су аттыратын қондырғылар туралы толығырақ айтылған. Ал бұл тақырыптың Сумен жылыту жүйесіне қатысы, сумен жылыту жүйесін құрастырып, оны үйлерге сумен жабдықтап, жергілікті су арттыратын қондырғы арқылы жүзеге асырады.

                  1.Жылумен қамту, және жылу жүйелерінің түрлері

Жылумен қамту- тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ тұтынушыларды жылутасығыш ыстық су, немесе бу арқылы жылумен қамтамасыз ету. Жылумен жабдықтау, жылу көзінен, жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен қамту жергілікті және орталыұтандырылған деп екі түрге бөлінеді.

        Жылумен қамту жүйелері үш негізгі буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады: жылу көзі, жылу желілері, ғимараттардың жылутұтынудың жергілікті жүйелері. Жылумен қамту жүйелері:

- жылу көзінің түріне және әсер ету радиусына байланысты;

- жылутасымалдағыштың түріне байланысты;

- ыстық сумен қамту жүйесіне ыстық су беру әдісіне байланысты;

- құбырлар санына байланысты;

- жылытутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруға байланысты;

- тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісіне байланысты топтастырылады.

Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне және әсер ету радиусы бойынша жергілікті, орталық және орталықтандырылған болуы мүмкін.

Жергілікті жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық ғимараттарда бірігіп бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе ретінде электр немесе газ пештері арқылы жылытылатын жүйелері мысал бола алады.

Орталық бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты жылумен қамту. Мысалы, ғимараттың жер төлесінде немесе жеке тұрған қазандықта орнатылған қазаннан жылу алатын жылыту жүйесі.

Орталықтандырылған бір жылу көзінен жылу электро орталығынан (ЖЭО) немесе аудан  қазандықтарынан (АҚ) бірнеше ғимараттарға жылу беріледі.

Жылу көзінде өндірілетін жылутасымалдағыш су немесе сулы бу түрлері болуы мүмкін, осыған байланысты жылумен қамту жүйелері сулы немесе булы болады. Жылумен қамтудың сулы жүйелері негізінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылыту, жеделдету және ыстық сумен қамту жүйелері үшін қолданылады.

...

Скачать:   txt (77.8 Kb)   pdf (460.8 Kb)   docx (55.2 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club