Арифметикалық амалдарды орындау
Автор: aidanna.09 • Сентябрь 16, 2021 • Лабораторная работа • 1,176 Слов (5 Страниц) • 323 Просмотры
2-Лабораториялық жұмыс. Арифметикалық амалдарды орындау
Төмендегі мысалдарда LabVIEW ортасында қарапайым электр тізбегі үшін арифметикалық амалдарды орындау қарастырылған. Тізбек үшін токтарды анықтау басты мақсат.
Мысал 2.1
Электр энергия көзінен және қабылдағышынан тұратын виртуалды құрылғы құру қажет. Ол үшін:
1.Энергия көзі ретінде беттік панельде басқару элементтерін таңдау қажет Controls =>Numeric => Digital Control. Ал қабылдағыш ретінде индикаторларды таңдаған жөн: Controls => Numeric => Digital Indicator.
2. Блог диаграмма бетінде бұл элементтердің иконкалары (бейнелері) пайда болады.
3.Басқару элементтері (энергия көзі) мен индикаторларды (қабылдағыш) байланыстыру үшін катушканы қолданамыз. Катушканы басқару элементіне алып барамыз, элемент жыпылықтап жанған кезде тышқанның сол жақ батырмасын басып, сымды келесі байланыстыратын элементке немесе индикаторға жалғаймыз. Катушка жалғанушы элементке жеткен кезде жалғанушы элемент жыпылықтайды. Сол моментте тышқанның батырмасын бос жібереміз. Егер байланыс дұрыс орнатылса, онда сымдарымыз қызыл түске ие болады. Ал қате жалғанғанда пунктирлі сызықтармен белгіленеді. Беттік панельде басқару элементтеріне мәндерін береміз.
4.Виртуалды құрылғыны іске қосу үшін беттік панельден іске қосу батырмасын (Run) басамыз. Сәйкесінше шығыс индикаторлар басқару элементіне берілген мәнді шығару керек.
Мысал 2.2
26-суретте электр тізбегінің сұлбасы берілген. Мұндағы [pic 1],[pic 2],[pic 3] резисторлар (кедергілер), Е энергия көзі. Оны белгілі шама деп алайық.
Барлық тармақтағы токтарды анықтауды қарастырайық.
[pic 4]
26-сурет. Электр тізбегінің көрінісі
Есептеулер Ом және Кирхгоф заңдарын қолдана отырып жүргізіледі:
[pic 5];
[pic 6];
[pic 7].
Бұл есепті шығаруда мынадай операциялар орындалу қажет:
1.Беттік панельге тізбектегі кедергілер мәнін, электр қозғаушы күшін (ЭҚК), яғни басқару элементтерін шығару керек. Ал шығыс мәндері ретінде токтар мәнін көрсететін индикаторларды орналастыру қажет.
2.Содан соң есептеуді жүргізу үшін блог-схеманы жинау қажет. Ол үшін арифметикалық операцияларды орындаймыз. Арифметикалық операторларды шақыру мына амалдармен орындалады: Functions => Numeric. Басқару элементтерін арифметикалық оператордың кірістеріне жалғаймыз, ал арифметикалық оператор шығыстарына индикаторлар жалғанады. Блог схеманы құрастырып біткеннен соң виртуалды құрылғыны іске қосамыз.
Есеп 2.1
24-суреттегі электр тізбегі үшін токтарды есептеу қажет. Бірақ мұнда кедергілер мәні комплексті түрде болсын. Оның мәндерін өздеріңіз бере аласыздар.
Негізі 27-сурет жоғарыдағы 26-суретпен бірдей, тек кедергілер мен токтар мәні комплексті түрде шығу керек. Осы мақсатта барлық элементтердің типтерін өзгерту керек. Беттік панельден немесе блог диаграммадан басқарушы элемент және индикаторға курсорды алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын басып Representation => CDB амалын орындаймыз. Мұнда CDB (комплексті сан), ал DBL (нақты сан). Полярлық жүйеге көшу үшін All Functions => Complex=> Complex To Polar таңдаймыз.
[pic 8]
27-сурет. Комплексті сандар негізіндегі электр тізбегінің көрінісі
Электр тізбегіндегі токты анықтау
3.1 – мысал . Формулалық түйінді қолданып тізбектегі токты анықтау.
[pic 9]
36-сурет. Электр тізбегінің көрінісі
1. 36-суреттегі тізбек үшін токтарды Ом және Кирхгоф заңдарын пайдаланып есептеуге болады:
[pic 10];
[pic 11]; (1)
[pic 12].
Мұнда [pic 13],[pic 14],[pic 15] кедергілердің мәндері және Е электр қозғаушы күшінің мәні таңдалынып алынады.
...