Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Имитациялық модельдеудің мәні

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Реферат  •  5,905 Слов (24 Страниц)  •  1,318 Просмотры

Страница 1 из 24

Мазмұны

Кіріспе        5

І. Экономикалық үрдістерді талдаудағы имитациялық модельдеу        7

1.1 Модельдеу негіздері        7

1.2 Экономикалық үрдістерді жақсарту және дамыту        14

1.3 Имитациялық модельдеу компоненттері        16

ІІ. Тәжірбиелік бөлім        19

2.1. Имитациялық модельдеудің мәні        19

2.2. Қытайлық аукционды модельдеу        22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        26

[pic 1]

        [pic 2]

Кіріспе

ХХ ғасырда модель түсінігі нақты және идеялық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде жалғасып отырғандағын естен шығармау қажет. Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды.

Құбылыстар мен процестерді оқып үйренуде, өндіріс пен ғылымда есептеу технологиясының кеңінен қолданылуы модельді білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттігін туғызуда. Сондықтан қазіргі кезде берілген тапсырманың немесе есептің  моделін құру, яғни моделін жасай алу аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер жүргізуде, яғни зерттеу объектілерін оқып үйренуде, оларды біліп, тану үрдісінде модельдердің қолдану ролі артып отыр. Қоршаған ортадағы шындық процестерді модельдеу арқылы ақиқатты тану, таным үрдісінің кеңейюіне және білім берудің артуына мүмкіндік береді.

Математикалық модельдеудің мүмкіндіктері мен оның ғылыми-техникалық прогреске әсері соңғы 35-45 жылдың ішінде компьютердің пайда болуы мен оның барлық салаларда қарқынды қолданылуымен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта, модельдеуді автоматтандыру зерттеудің күрделі проблемалары, тәжірибелік, конструкторлық түрде шешу үшін өте тиімді құралы болды. Бірақ, модельдеуді меңгеру оның мүмкіндіктері мен модельдеу әдістемесін ғана техника және технологиялар, компьютерде жүйелерді модельдеу проблемаларды практикалық шешімдердің толық меңгеру және оны одан әрі дамыту үшін жұмыс құралы ретінде пайдаланады.

Оның кең мүмкіндіктері және дамыту әдістемесін модельдеу әдістерімен және технологиясымен практикалық міндеттерді шешу процестерін ЭЕМ жүйелерінің жұмыс істеуін, модельдеуді жұмыс құрал-сайманы ретінде оқу және толық меңгеруде.

Зерттеу мақсаты: экономикалық үрдістерді талдаудағы имитациялық модельдеуді зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • имитациялық модельдеу жүйелерін талдап, құрып, оларды оңтайландыру жолдарын зерттеу;
  • имитациялық модельдеу туралы ақпараттарды жинақтау;
  • жинақталған ақпараттардың негізінде курстық жұмыстың құрылымын анықтау.

Зерттеу пәні: экономикалық үрдістерді талдаудағы имитациялық модельдеу.

Зерттеу нысаны: имитациялық модельдерді құру есептері.

Зерттеу әдістері: имитациялық модельдеу бойынша теориялық ақпарат іздестіру, мәліметтерді жүйелеу, талдау, мысалдарды жинақтау.

Зерттеу өзектілігі: қазіргі таңда имитациялық модельдерге есептер құру мен талдау оларды оңтайландыру тәсілдерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

І. Экономикалық үрдістерді талдаудағы имитациялық модельдеу

1.1 Модельдеу негіздері

Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

...

Скачать:   txt (87.6 Kb)   pdf (410.2 Kb)   docx (100.9 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club