Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терілерге ықпал ететін әсерлер:ыдырау үдерістері,микрофлора және кейбір басқа әсерлер

Автор:   •  Ноябрь 7, 2020  •  Доклад  •  666 Слов (3 Страниц)  •  283 Просмотры

Страница 1 из 3

Терілерге ықпал ететін әсерлер:ыдырау үдерістері,микрофлора  және кейбір  басқа әсерлер.Былғары, мамық – үлпек жүнді  тері шикізатын таңбалау, сақтау, сынау әдістері.

Жануарды сойғаннан кейін жүрілетін өзгерістер экзогендік және эндогендік сипатта болуы мүмкін. Эндогендік өзгерістер терінің  өзіндік құрамы мен қасиеттеріне байланысты туындайды, ал экзогендік өзгерістер сыртқы факторлардың әсерінен жүріледі.

Жануар өлгеннен кейін оның тері ұлпасында күрделі биохимиялық үдерістер жалғаса береді. Жануардың тіршілік ету үрдісі тоқтаған соң ағзаға оттегінің келуі тежеліп заталмасу процесі бұзылады. Нәтижесінде ортаның pH-ы өзгеріске ұшырап, ыдыратушы ферменттердің әрекет етуіне қолайлы жағдай туындайды. Сөйтіп ұлпалардың өздік ыдырау үдерісі яғни автолиз процесі басталады.

Осылайша терідегі ферменттердің әсерінен тері құрылымының бұзылуын (ыдырауын)  автолиз(өздік ыдырау) деп атайды. Сонымен қатар ағзадағы тіршілік тоқтаған соң тері қабатындағы май және тер бездерінің сыртқы қабыршақтары бүлінуі себепті олардан ағып шыққан сөл маңайына таралуы салдарынан автолиз  үдерісі жеделдейді. Осылайша автолиз үдерісі қарқын алу нәтижесінде дерманың торлы және емізікті  қабаттарының байланысы босап, теріден жүн талшықтары түсе бастайды. Сонымен қатар жүн талшықтарының түсе бастауына  жоғарғы температура мен ортаның  сілтілік бағытқа қарай өзгеруі де көптеп әсер етеді. Яғни бұл жағдай жаз кезінде, әсіресе жаңа сойылған жануардан сылып алған  (жас) терілерді бірнеше сағат бойы жылы күйінде (тұздамай,кептірмей) қалдырып қоюдың салдарынан туындайды.

Автолизге терінің әсіресе жұмсақ,нәзік бөліктері жиі ұшырайды. Оның үстіне теріде су мен ақуыздың құрамы көп,әлсіз қышқыл  немесе сілтілік орта  болатындықтан микроорганизмдердің әсерінен шіру үрдісі жылдам жүріледі. Микроорганизмдерден бөлініп шығатын ферменттер- дің әсерінен тері ұлпаларының ыдырау үрдісін шіру деп атайды. Терінің 1см аумағында болатын микробтар саны бірнеше миллионға жетуі мүмкін. Бұл микрофлора сілтілік ортаның ықпалымен  терінің терең қабаттарына,ең алдымен жүн  дорбашаларына, май және тер бездеріне жылдам өтеді. Біраздан соң шіру үрдісі  жүн талшығы дорбашалары мен тер бездерінен сирек құрылымды емізікті қабатқа өтеді. Осының бәрі ақырында эпидермис, дерма және теріасты ұлпаларының толықтай бүлінуіне  әкеп соғады. Сөйтіп арықарай ақуыздық заттардың анағұрлым қарапайым элементтерге (су, аммиак, көмірқышқылы т.б.) ыдырауына әкеп соғады.

Терінің шіру жағдайын органолептикалық жолмен оңай анықтауға болады. Шірудің алғашқы белгілерін бәрінен бұрын терінің ішкі шел жағынан білуге болады, яғни терінің ішкі жақ беті жасылданып (жасыл-сұры, күңгірт түс) және  жабысқақтанып, шіріген ақуыз иісі білінеді. Мұндай теріден жүн талшықтары кесек-кесегімен босап түседі. Жұлынған жүндермен бірге эпидермистің жекелеген бөліктері де ілесіп шығады. Эпидермистің жарылуын (ыдырауын) теріні ішіне қарай бүктеу арқылы анықтауға болады.

Тері ұлпаларының бүлінуінің алдын алу үшін автолиз және шіру үрдісінің орын алуына жол бермеу керек,яғни оларға қолайсыз жағдай тудыру қажет. Алайда бұл тәсілдерді қолданумен тері шикізатының сапасын толықтай сақтап қалу мүмкін емес. Себебі тері шикізатының сапасына басқа да көптеген факторлар (алғашқы өңдеудің технология- лық ережелерінің сақталу жағдайы, қоршаған ортаның жай-күйі, жұмыскерлердің біліктілік деңгейі мен жауапкершілігі т.б.) әсер етеді. Әсіресе табиғаттық ортада ауланатың аң терілері,соның ішінде мамық жүнді бағалы аң терілерінің тауарлық сапасын сақтап қалудың өзіндік әдіс тәсілдері болуы тиіс. Яғни жоғарыдағы процесті болдырмау үшін жас теріні жедел түрде консервілеу қажет. Консервілеудегі негізгі мақсат ең әуелі тері ұлпаларының ылғалдылығын азайтуға бағытталуы  қажет. Себебі микробтардың өсіп, көбею үрдісі ылғалдылығы жоғары (40% ден  жоғары) теріде қарқынды  жүріледі. Терінің ылғалдылығын төмендету үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Атап айтар болсақ: кептіру немесе терінің ылғалын өзіне тартып алатын заттарды пайдалану. Микроағзалардың тіршілік әрекетін тежеудің әртүрлі амалдарының бірі ас тұзының қаныққан ертіндісін тері қабаттарына еңгізу арқылы тері ұлпаларының ішіндегі осмостық қысымды өзгерту болып табылады. Ас тұзының қаныққан ертіндісінің осмостық  қысымы 100атм. жетеді. Ферменттермен микробтардың тері құрылымына әсер ету әрекеті ең әуелі тері ұлпаларының ішіндегі қышқылдық ортаға байланысты. Автолиттік үрдістер әдетте әлсіз қышқыл ортада,ал шіру үрдісі әлсіз сілтілік ортада жүріледі. Сондықтан ортаның pH-ын  өзгерту арқылы бұл үрдістердің дамуын тежеуге немесе тоқтатуға болады. Терідегі микрофлораның дамуына ұлпа ішіндегі және қоршаған ортаның температурасы да көптеп әсер етеді. Микробтардың қарқынды өсіп көбеюіне ең қолайлы температура 25-30оС. Төменғі температура микроағзалардың көбеюіне кедергі келтіріп,автолиттік үрдістерді тежейді. Ал шірітуші бактериялардың дамуына жол бермеуді антисептикалық заттарды пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (104.8 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club