Құрама есептердi шыfару әдістемесі
Автор: Erbatir • Апрель 25, 2018 • Курсовая работа • 9,017 Слов (37 Страниц) • 1,960 Просмотры
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математика пәні бойынша
0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы
Орындаған: Арманова Армангүл
МК-405 топ студенті
Ғылыми жетекшісі: Асқарова Асқаргүл
математика пәні оқытушысы
Қорғауға жіберілді (жіберілмеді) –
Педагогика және психология
ОӘБ жетекшісі
__________ М.О.Сұлтанова
қолы
«_________» ________ 2018 ж.
Ақтөбе, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Бастауыш сыныптардағы құрама есептер туралы түсінік..................... 5
1.2 Бастауыш мектепте математиканы оқытуда құрама есептерді шығаруға үйретудің міндеттері мен әдістемесі ........................................................ 9
1.3. Құрама есептерді шеше алу білігін қалыптастыру жолдары................ 16
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ................................................................................. 23
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................. 29
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі . Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады[1, 84 б.].
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Құрама есептерді шығару – математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі. Осы мақсат біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігіне айналып отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуда құрама есептерді шығаруға үйрету әдістемесіне талдау жасай отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын сипаттау.
...