Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алгебра және анализ бастамалары

Автор:   •  Декабрь 9, 2021  •  Практическая работа  •  1,113 Слов (5 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 5

Сыныбы:10

 Пәні: алгебра және анализ бастамалары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Карибекова Бахшагуль Мангеловна

Бөлім тақырыбы

Ықтималдық (15 сағ)

Сабақ тақырыбы

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері (2 cағат).

Оқу мақсаты

10.3.2.1 кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу.

Сабақ мақсаты

Барлығы: кездейсоқ оқиға ұғымына және түрлеріне  мысал келтіреді;

Көпшілігі: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығына есептер шығарады;

Кейбірі: қоршаған ортада кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығына мысалдар келтіреді және есептеп шығарады.

Бағалау критерийлері

  • кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін біледі және оларға мысалдар келтіре алады;
  • ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.

Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту : оқиғалар түрлерінің айырмашылықтарына түсінік береді; ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, қарапайым кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері : кездейсоқ оқиғалар; мүмкін емес оқиғалар; анықталған оқиғалар;

ықтимал оқиғалар; оқиға нәтижесі; оқиғаның ықтималдығы;

Сабақтағы сұхбат, жазылым үшін қолданылатын сөздер: кездейсоқ оқиға, мүмкін емес оқиға, оқиға нәтижесі;

Талқылау сұрақтары: қандай оқиғалар  үйлесімсіз деп аталады; қандай  оқиға анықталған деп аталады; қай кезде оқиға мүмкін емес деп аталады; анықталған оқиғаның ықтималдығы … тең;

мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы ... тең.

Құндылықтарды қалыптастыру

Топтық жұмыста ойларын ашық жеткізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасау.

Ресурстар

А.Е.Әбілқасымова, З.Ә. Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2019.

http://matematik.kz/viktorina/192-kezdeyso-oia-zhne-ytimaldy.html . Үлестірме қағаздар, ойын сүйегі, асық.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті :

Бағалау тәсілдері

Саралау тәсілдері

Сабақ басы

7 минут

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

«Ашық микрафон» әдісі. Үй тапсырмасын тексеру. Бірінші оқушы үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

«Болжап біл» ойыны арқылы сыныпты «Сынақ» және «Оқиға» деп екі топқа бөлемін.

Оқушыларға «Болжап біл» ойынын ұйымдастырамын.  Ол үшін түрлі сынақтар және оқиғалар жазылған үлестірмелер таратып беремін. Оқушылар қайсысы сынақ, қайсысы оқиға екенін ажыратады. Мысалы:

1. а)Тиын лақтырылды – сынақ.

б) Елтаңбаның шығуы – оқиға.

2. а) Нысанаға оқ атылды – сынақ.

б) нысанаға тигізу немесе тигізбеу – оқиға.

3.Сауытта түрлі шарлар бар. Сауыттан тәуекелмен бір шарды алады.

а) Сауыттан шарды алып шығу – сынақ.

б) Қандай да бір түсті шардың пайда болуы - оқиға.

Мадақтау. 

Дұрыс жауап берген оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет» деген сөздермен мадақтау, қателесіп жауап берген оқушылардың жауабын толықтырып кету.

Алдынғы білімді қалай меңгергендерін нақтылай отырып, жаңа сабақ жақсарту кезінде ескеру.

Сабақ ортасы:

 28 минут

\

Ұжымдық жұмыс  (жаңа сабақты түсіндіру) топпен талқылап, ой-пікірлерімен санаса отырып өзара талдайды. «Түртіп алу» әдісі. (Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне керектерін дәптерге түсіріп алады).

Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын ортаға салғызу.

1.Кездейсоқ оқиға дегеніміз не?

2.Кездейсоқ оқиғаның түрлері?

3.Сынақ дегеніміз не?

4.Ықтималдықтың қасиеттерін ата.

Кездейсоқ оқиға деп тәжірбие кезінде өзгеріп отыратын оқиға.Бірақ көпшілік көрсетуде кездейсоқ оқиғалар белгілі бір заңдылыққа бағынады. Бөлек тәжірбие жүргізудегі 

бақылауды сынақ деп атайды. Кез – келген сынақтың сипаттамасы оқиға деп аталады. Мысалы ,тиынды тастау кезінде екі оқиға болуы мүмкін: тиынның бір жағы немесе екінші жағы. Сынақтың сандық сипаттамасы кездейсоқ көлем деп аталады.

Белгілі бір комплекстағы шарттарды орындау кезі бұлай бөлінеді: ықтимал, ықтималды емес, үйлесімсіз.

Ықтимал деп міндетті түрде болатын оқиға. Мысалы, жәшіктен шарды алған кездегі ақ шардың түсу ықтималдылығы. 
Ықтималды емес деп ешқашан болмайтын оқиға. Мысалы, жәшіктен шарды алған кездегі ақ шардың түсу ықтималдылығы. 
Үйлесімсіз деп бір мезгілде болмайтын оқиға. 
КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
КАТАР ОҚИҒА – бір мезгілде орындалатын оқиға (мысалы снарядтың тысанаға тиюі және жарылғыштын жарылуы ); 

ҚАТАР ЕМЕС ОҚИҒА — бір мезгілде орындалмайтын оқиға (мысалыт тиынды бір рет лақтырған герб жағының түсуі .

ТОЛЫҚ ТОПТЫ ОҚИҒА —сынақ кезінде оқиғалардың бірі міндетті түрде болады. (мысалы ойын кубигін тастағанда  1,2,3,4,5,6 сандардын түсуі); 

ҚАРАМА – ҚАРСЫ ОҚИҒА – екі үйлесімсіз топ толық топты береді. (мысалы, тиынды лақтырғанда герб және әріп жағының түсуі қарама – қарсы оқиға); 
ТӘУЕЛСІЗ ОҚИҒА – болу ықтималдылығы болған оқиғаға байланысты емес оқиғалар. Әрбір оқиға белгілі бір санмен анықталса ол, ықтималдылық деп аталады. Ықтималдық теориясы – кездейсоқ оқиғалардың сандық заңдылығын зерттейтін математикалық ғылым.

Ықтималдықтың қасиеттері:

1-қасиет: Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең.

2-қасиет: Мүмкін емес немесе жалғаны оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең.

1-тапсырма:

Мақсаты: Кесте толтыру. Сынақ пен оқиғаның анықтамасын тұжырымдау.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар ойланып, жұптаса және топтасып , тапсырманы бірлесіп орындайды.

Оқушылар сынақтың не екенін, оқиғаның не екенін анықтап болған соң, тақтадағы кестені толтырады. Әр топ бес сынақ, бес оқиға жазады.

Мысалы:

Сынақтар

Оқиғалар

Тиын лақтырылды

Елтаңбаның пайда болуы

Критерийі

Дескрипторлары

Сынақ пен оқиғаны ажыратады;

- Сынақ пен оқиғаның анықтамасын топта дұрыс тұжырымдай алады;

-сынақ пен оқиғаны анықтайды;

-кестені толтырады;

2-тапсырма:

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (149.9 Kb)   docx (161.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club