Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылжымалы құрам жұмысының техникалық-пайдалану көрсеткіштері

Автор:   •  Февраль 7, 2019  •  Реферат  •  333 Слов (2 Страниц)  •  2,364 Просмотры

Страница 1 из 2

1.3. Жылжымалы құрам жұмысының техникалық-пайдалану көрсеткіштері

Көлік дамуының өте маңызды және күрделі проблемасы – қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі. Автомобиль көлігі – бүгінгі таңда экологиялық тұрғыдан көліктің аса қауіпті түрлерінің бірі, сондықтан автокөлікті жетілдірудің негізгі бағыттары мұнай өнімдерінен отынның дәстүрлі түрлерін сығып шығаруға қабілетті, отынның жаңа түрлерінде (сутек, ядро, күн энергиясы, электр энергиясы) жұмыс істейтін қозғалтқыштарды әзірлеу болып табылады.

Автомобиль тасымалдарының өзіндік құнын төмендету үшін моторесурсты ұлғайту, яғни материалдармен, құрастыру сапасымен және жолдардың кластылығымен қолданылатын, құрылымдармен байланысты негізгі агрегаттардың сенімділігін және қозғалтқыштардың және автомобильдің басқа бөліктерінің қызметінің ұзақ мерзімділігін арттыру проблемасын шешу қажет.

Әсіресе автомобиль – жүргізуші-жол-орта жүйесінде қауіпсіздікті және қозғалысты ұйымдастыру проблемасы маңызды. Осы проблеманы жаяу жүргінші жолдарды оқшаулау жолымен, мысалы, әр түрлі деңгейдегі жолдарды, жаяу жүргінші жолдарды немесе көлік тоннельдерін жасау, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орында қозғалысты алу және т.с. кезінде шешуге болады деп саналады.

        Автомобиль паркі - авто техника тұрақтайтын, оларды жөндейтін және оларға техникалық күтім жасалатын орын.

 Автокөліктің жұмысының тиімділігін жоғарылату шарты - нақты пайдалану жағдайларында жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, ал ол өз кезегінде көлік жұмысының қорытынды нəтижелеріне едəуір əсерін тигізеді. Барлық пайдалану шарттарын келесі түрде топтастыруға болады: -көліктік шарттар (тасымалдау көлемі, жүктің түрі жəне сипаты, тасымалдау қашықтығы жəне жеделдігі, жүкті тиеу жəне түсіру шарттары); -жол шарттары (жол төсемінің күйі, жергілікті жердің бедері, жолдың өткізу қабілеттілігі); -климаттық шарттар (суық, қоңыржай жəне ыстық климатты аймақтар); -ұйымдастыру-техникалық шарттар (жылжымалы құрамның жолдағы жұмыс режимі, орташа тəуліктік жүріс, автокөлік кəсіпорнында жылжымалы құрамды сақтау шарттары жəне оларды жөндеу əдістері, жолдағы жұмысын ұйымдастыру қалыптары). Шынайы тасымалдау көлемін ескере отырып, нақты пайдалану шарттарынаең тиімді жылжымалы құрамды таңдау міндеті – бірдей тасымалдау жағдайларында өзара көліктің əр түрлі модельдерін салыстыру жолы арқылы шешімін таба алады. Негізінен тасымалдауға қабылданған жүктің түріне қарай жылжымалы құрамның оған сəйкес келетін кузовының құрылымы (конструкциясы) таңдалады. Жылжымалы құрамның нақты модельдерін салыстырмалы бағалау көрсеткіштерінің бірі болып автомобильдің өнімділігі табылады. Автомобильдің өнімділігін уақыт бірлігінде тасымалданған тонна санымен немесе орындалған тонна-километрмен анықтайды.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (59 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club