Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электроника курсын оқу барысында жүйетехникалық модельдеудің Electronics Workbench бағдарламалық жүйесін қолдану

Автор:   •  Январь 30, 2022  •  Лабораторная работа  •  1,233 Слов (5 Страниц)  •  314 Просмотры

Страница 1 из 5

№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Электроника курсын оқу барысында жүйетехникалық модельдеудің Electronics Workbench бағдарламалық жүйесін қолдану

Жұмыстың мақсаты: Бағдарлама ортасымен танысу. Электрлік сұлба моделін құру принціптерін оқып үйрену.

1 Бағдарламаның қызметі

Interactive Image Technologies (Канада) фирмасының Electronics Workbench (EWB) бағдарламасы радиоэлектрониканың аналогтық және сандық құрылғыларын жүйетехникалық модельдеу үшін қолданылады.  Сұлбаны жинаудың қарапайымдылығы және өлшеуді жүргізу сұлбалардың эксперименттік оптимизациясын жүргізу мүмкіндігін, сонымен қатар сұлба есептеулерін тексеру үшін аспап көрсеткіштерін қолдану мүмкіндігін береді.

Басқа да электрондық сұлбаларды талдайтын әйгілі бағдарламалармен салыстырып қарағанда, EWB бағдарламасының ерекшелігі – бақылаушы-өлшеуші аспаптың бар болуы, сыртқы түрі және сипаттамасы бойынша өнеркәсіптік аналогтардың аса жақын болуы. Оның көмегімен әр түрлі функциялық қызмет атқаратын радиоэлектрондық құрылғыларды “тәжірибелік” тұрғыдан зерттеуге және аса қарапайым тәсілмен жинауға болады. Сұлбаның практикалық элементін дұрыс модельдеу үшін оның параметрлерін бағдарламаның сұхбаттық терезесінде беру керек. Бұл EWB пакетінде жүзеге асырылатын элементті алмастыру сұлбасын білуді талап етеді.

  1. Терезе құрылысы және мәзір жүйесі

EWB бағдарламасының терезесі мәзір жолынан, бақылаушы-өлшеуіш Аспаплар сызғышынан, компоненттер библиотекасынан тұрады.  Бағдарламаның жұмыс өрісінде модельденетін сұлба, оған қосылған бақылаушы-өлшеуші Аспаплар иконкалары және сұлбаның қысқаша сипаттамасы (description) келтіріледі (тек қана ағылшын тілінде).  Қажет болған жағдайда Аспаплардың әрқайсысын жұмыс тәртібін тағайындау үшін және нәтижелерді бақылау үшін жинап қоюға болады.

EWB бағдарламасының мәзір жолдарын қарастырайық.

File мәзірі

File мәзірі файлдарды қосу және жазу, сұлбаның құрамдас бөліктерін басып шығару үшін қатаң көшірмелерін алу үшін,  сонымен қатар, басқа модельдеу жүйесінің форматында файлдарды импорттау/экспорттау үшін қолданылады.

Бұл мәзірдің алғашқы төрт командасы: New (Ctrl+N), Open... (Ctrl+O), Save (Ctrl+S), Save As... — Windows бағдарламасындағы мәзірмен бірдей, яғни файлдармен жұмыс жасау үшін қолданылатын командалар. Бұл командалар үшін стандартты бейнелері бар батырмалар бар.  

[pic 1]

2.1-сурет – EWB бағдарламасының жұмыс терезесі

Revent to Saved... — редактрлеудің ағымдағы сеансында енгізілген барлық өзгерістерді өшіру және сұлбаны бастапқы түрдегі қалпына келтіру.

Print... (CTRL+P) — принтерге шығару үшін мағлұматтарды таңдау:

– Schematic — сұлбалар (бұл опция үнсіз келісім бойынша таңдалған);

– Description — сұлбаға сипаттама беру;

– Part list — принтерге шығарылатын құжаттар тізімі;

– Label list — сұлба элементтерін белгілеу тізімі;

– Model list — компоненттер сұлбасында бар тізімдер;

– Subcircuits — ішкі сұлбалар (аяқталған функциялық түйіндер болып табылатын және ішінде атауы бар тіктөртбұрышпен белгіленген сұлба бөліктері);

– Analysis options — модельдеу режимдерінің тізімдері;

– Instruments — аспаптар тізімдері.

Осы ішкі мәзірден басып шығаруға (Setup батырмасы) және материалды принтерге (Print батырмасы) жіберуге болады. Принтерге шығарылатын деректердің масштабын 20-дан 500%-ға дейін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Print Setup... — принтерді баптау.

Exit (ALT + F4) — бағдарламадан шығу.

Install... — иілгіш дскімен қосымша бағдарламаларды орнату.

Import from SPICE — сұлба және  SPICE (.cir кеңейтілу атымен) форматында модельдеуді беру  сипаттамасының мәтіндік файлын импорттау және  оның мәтіндік сипаттамасы бойынша сұлбаны автоматты түрде құру.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (431.1 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club