Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Масс-медия, технологиялар және қоғам

Автор:   •  Сентябрь 2, 2021  •  Реферат  •  1,114 Слов (5 Страниц)  •  2,008 Просмотры

Страница 1 из 5

Модуль 2 Қоғам, тұлға және әлеуметтік өзгерістер 

Тақырып 8. Масс-медия, технологиялар және қоғам 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет 

2.Масс-медия түрлері. Медиялық жаһандану 

3.Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғыақпараттық технологиялар адамныңкүнделікті өміріне қалай әсер ететінітуралы эссе жазыңыз.

1.Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет. 


Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ, және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді.

Әлемнің 15-тен астам елі цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда: Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Аустралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан.

Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияларды дәстүрлімен ықпалдастырады. Сингапур «Ақылды экономиканы» қалыптастырады, Канада Торонтода АКТ-хаб құрады. Ал, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және АКТ жетістіктерін таратуға бағыт алады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруды көздейді.

Қазақстан «басынан» бастамайды, 90-шы жылдары үдемелі индустриялық инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына бастамашы болды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, «Алатау» ИТП» арнайы экономикалық аймағы, «Назарбаев университеті» жұмыс жасайды, Astana Нub халықаралық технопаркі іске қосылды.

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпінді қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты Елбасы цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндетті алға қойды.

  1. Экономика салаларын цифрландыру - цифрлық технологияларды қолдану және енгізу арқылы Қазақстан экономикасының дәстүрлі секторларын түрлендіру;


2. Цифрлық мемлекетке көшу - қажеттіліктерді болжай отырып, қызмет көрсету тәсілдерін және мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түрлендіру;


3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру - ел ішінде де, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін де деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қауіпсіз инфрақұрылымын дамыту;


Мемлекеттік бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Инновациялық экожүйені құру - бизнестің, ғылыми саланың және мемлекеттің тұрақты байланыстарымен технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау.

Адам капиталын дамыту - жасампаз қоғам құруды қамтитын өзгерістер;

Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасын цифрландырудан келетін тікелей пайда - қосымша 1,7 - 2,2 трлн теңгені құрайды. Осылайша 2025 жылға қарай жеке инвестицияларды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлеміне инвестицялардан 4,8 - 6,4 есе қайтарымды қамтамасыз етеді.

ЖІӨ тұрғысынан ең маңызды нәтижесі 12 негізгі жобаға түседі:

1. АT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру (Astana Нub);

2. «Интеллектуалды кен орны» жобаларын іске асыру, Индустрия 4.0 технологияларын енгізу, модельдік фабрикаларды құру;

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (99.2 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club