Ақпараттык-коммуникациялық технологиялар
Автор: Meeko • Январь 29, 2021 • Реферат • 323 Слов (2 Страниц) • 632 Просмотры
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сала ретінде:
бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын,
есептегіш техниканы,
коммуникациялық жабдықты,
тұрмыстық электроника мен оның құрамдастарын
жобалаумен, өндірумен және сатумен, сондай-ақ жүйелік ықпалдастырумен, телекоммуникациялық және ақпараттық-технологиялық қызметтер ұсынумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы ретінде анықталады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар осы курста кәсіби және басқа қызметте ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу және тарату үшін қолданылатын қазіргі заманғы технологиялық әдістер мен құралдар ретінде қарастырылады.
«АКТ» пәні ақпараттық салада және заманауи ақпараттық мәдениетте белгілі бір дүниетанымды қалыптастыру үшін қызмет етеді, яғни ақпаратты өңдеу, беру және сақтау үшін ақпаратты кәсіби түрде пайдалана отырып, мақсатты түрде жұмыс істей білу үшін қажет.
Пәннің негізгі міндеттерінің бірі - әр түрлі мамандықтағы студенттерге қойылған мақсаттарға жету және ұлттық даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін АКТ қолдану қажеттілігін түсіну.
"АКТ" пәнін оқу нәтижесінде білу керек:
әлеуметтік-экономикалық даму процесін түсіну үшін негіздерді;
қоғамның даму үдерістеріндегі ақпараттың және АКТ рөлін;
компьютерлік жүйелерде деректерді ұсынуды;
операциялық жүйелер негіздерін: DOS, Windows, Unix, Linux, Mac OS;
электрондық кестелер ұғымын және диаграммалар арқылы деректерді визуализациялау тәсілдерін;
деректер қорын басқару жүйелерін;
ДҚБЖ архитектурасын, SQL тілінің негіздерін, ДҚБЖ дамыту бағыттарын;
жергілікті есептеу желілерінің
...