Windows амалдық жүйесінің қауіпсіздік кіші жүйесінің архитектурасы
Автор: Zegaza • Февраль 3, 2021 • Реферат • 1,457 Слов (6 Страниц) • 570 Просмотры
Сабақ жоспары №8
Топ | Күні |
4ВТ-9А |
Пән: Ақпараттарды қорғау әдістері
Сабақтың тақырыбы: Windows амалдық жүйесінің қауіпсіздік кіші жүйесінің архитектурасы
Сабақтың түрі: лекция
Оқыту әдістері: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың жабдықталуы: Конспектілер, оқу-әдістемелік құрал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бағдарламалық өнімдер және олардың негізгі сипаттамалары туралы жалпы түсінік беру
Тәрбиелік: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, сынып тыныштығын сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, ынталарын дамыту.
САБАҚ МАЗМҰНЫ
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру және әзірлігін қадағалау Үй тапсырмасын тексеру: Информатика пәні бойынша оқушылардың алған білімдерін жалпылау және қайталау
Жаңа материалды түсіндіру:
Windows 2007, Windows XP, Windows NT сияқты ДК-ге арналған ОЖ-дің өзіндік қорғау жүйелерінің бар болғанымен, қосымша қорғау құралдарын құру өзектілігі қазір де сақталады. Жүйелердің көбі оларға жатпайтын ақпараттарды қорғай алмайды, мысалы, желіде ақпараттық алмасу кезінде.
Ақпаратты құраулық – бағдарламалық қорғау құралдарын бес топқа бөлуге болады:
1) Пайдаланушыларды идентификация және аутентификация жүйелері.
2) Дискілік ақпараттардың шифрлау жүйелері.
3) Желі бойынша тасымалданатын ақпараттарды аутентификация жүйелері.
4) Электронды ақпараттарды аутентификация жүйелері.
5) Криптографиялық кілттерді басқару жүйелері.
Операциялық жүйелер беретін қорғау құралдары
Бұрын қауіпсіздікті қаматамасыз ету үшін есікті құлыптап немесе құнды қағаздарды сейф ішіне жауып қойсақ жеткілікті болатын. Қазіргі кезде ақпаратты сақтау үшін тек қағазбен пайдаланбайды, компьютерлік деректер базасында (ДБ) картотека ішіндегі карточкалар сияқты файлдар сақталады. Қатқыл дисктер және дискеталар біздің көптеген құпияларымызды сақтайды.
Компьютерде немесе желі ішінде сақталынатын деректерге қатынау, әдетте келесі операциялық жүйелер (ОЖ) көмегімен іске асырылады:
- DOS; Windows; Windows NT; MacOS; UNIX; Linux; Solaris немесе HP/UX.
Кіріс деректерді қабылдай отырып, олардың негізінде операцияларды орындап, нәтижені қайтарып, ОЖ қосымша сияқты жұмыс істейді. Мысалы, электрондық кесте деген қосымша өзінің жұмыс істеу кезінде ішіне сіздің енгізіп отырған сандарыңызды қабылдап, оларды ұяларға енгізеді де, мүмкін, есептеулерді орындайды, ал ОЖ сіздердің командаларыңызды қабылдап, «файлдар тізімін экран бетіне шығар» сияқты сұратуды орындайды. Сонымен қатар сіз ОЖ көмегімен белгілі бір қосымшаны – мысалы, мәтін редакторын, қоссын деген нұсқау бере аласыз. Содан кейін сіз мәтін редакторына «файлды аш!» деген тапсырма (бұйрық) бересіз. Редактордың ОЖ-ге қатынау, яғни файлды іздеу оқиғасы «сахна артында» қалып қояды.
Практика жүзінде қазіргі компьютерлердің бәрінде қорғау құралдары болады және олар ОЖ құрамында іске асырылады. Бұл қорғаудың қалай әрекет ететінін қарастырайық.
ОЖ-нің қорғау құралдары. Рұқсат етілулер
Практика жүзінде барлық ОЖ-лердің қатынауға рұқсат беретін кірістірме (ендірмелері) құрамдас бағдарламалары болады. Олар тек белгілі бір адамдарға компьютерге, яғни оның қатқыл дискісіне, жадына, диск бетіндегі немесе желілік қосылыстың кеңістігіне қатынауды орындауға мүмкіндік береді. Бұндай қатынау жүйеге кіру процедурасы арқылы іске асырылады. Егер пайдаланушы сәйкесті ақпарат (мысалы, пайдаланушының атын және паролін) бермесе, ОЖ оған компьютерді пайдалауға мүмкіндік бермейді. Пайдаланушы жүйеге кіргеннің өзінде де, белгілі бір файлдар оған қол жетпес болып қала беруі мүмкін. Егер біреу файлды сұрайтын болса, қатынауға рұқсат берілген пайдаланушылар тізімінде бұл адамның бар-жоғын, яғни ішінде болуын ОЖ тексереді; егер бұл адам тізімде жоқ болса, ОЖ файл ішіндегіге қатынауға рұқсат бермейді.
...