Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

OnlineTestPad платформасын қолдану

Автор:   •  Ноябрь 21, 2021  •  Доклад  •  452 Слов (2 Страниц)  •  236 Просмотры

Страница 1 из 2

Информатика пәнін ағылшынша оқытуда

OnlineTestPad платформасын қолдану.

Толыкбаева Гульнур Сериковна, информатика пәні мұғалімі

ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша

«№3 Күршім гимназиясы» КММ

Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі. Елімізде білім саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі «Үш тілде білім беруді дамытуға арналған жол картасы». Бұл бағдарламаның негізі - пәнді және тілді кіріктіріп оқыту. Оқытуда ұстаздардың білімі мен біліктілігіне қоса, шеберлігі де айырықша орын алады. Осы тұста бүгінгі таңда кең етек жайып келе жатқан STEAM-білім беруді меңгеру шығармашыл ұстаз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі ол төрт академиялық облысты, яғни science, technology, engineering and mathematics біріктіреді. STEAM білім беру негізінде - пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана отырып, оқушыларды оқыту идеясы. Әрбір бес пәнді жеке оқытудың орнына, бұл тәсіл оларды оқытудың бірыңғай схемасына біріктіреді. Бұл мектептен тыс мектепте жобалық және оқу-зерттеу қызметін жүзеге асыру бағыттарының бірі.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда STEAM-білім беруді тәжірибемде қолданып жүрмін. Оқушыларға пәнді ағылшынша жүргізуде сабаққа қызығушылықтарын оята отырып, пәнді меңгертуде, пәнді оқи отырып тілді игертуде маған OnlineTestPad платформасын қолдану ыңғайлы болды (1-сурет).

[pic 1]

1-сурет. OnlineTestPad платформасының интерфейсі

Информатика пәнінің терминдерін жаттаумен қоса ол терминдердің ағылшын тіліндегі аталуын да есте сақтату оқушылардың қызығушылықтарын оятатын бір тәсілді пайдаланбаса өте қиынға соғары анық. OnlineTestPad платформасының артықшылығы сол, тіркелгеннен соң ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар кез келген тақырыпқа мұғалім өзі сұрақ-жауап құрастыра алады, диалогтік тренажер, сөзжұмбақ жасай алады, кешенді тапсырмалар ұйымдастыра алады, қашықтықтан оқыту жүйесін жасақтай алады.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club