Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

CLIL әдісінің негізгі бес аспектісі

Автор:   •  Октябрь 31, 2018  •  Реферат  •  2,447 Слов (10 Страниц)  •  1,903 Просмотры

Страница 1 из 10

«CLIL»  ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ ӘДІСІ

Скакова Нургул  Демесиновна

информатика пәнінің оқытушысы

          Қазіргі заманның  ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.

          Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыретті әрі жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттарының бірі болып саналады.  90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген.            
         Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісімен (
Content Language Integrated Learning) өткізілген ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда  түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.

«GLIL»  Content and Language Integrated Learning.[pic 1]

[pic 2]

[pic 3]

[pic 4]

         Мағынасы – өзге пәндерді шет тілінде тілдік-пәнаралық байланыс арқылы оқыту. Нақтылап айтқанда, кез келген оқу бағдарламасындағы пәнді бір уақытта екі тілде де оқыту (өз тілі+шет тілі)

CLIL технологиясы пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминін 1994 жылы  ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады.

CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.                

         CLIL әдісінің негігзі мақсаты – мұғалімнің сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр сабақтың басында немесе соңында «миға шабуыл» әдісін ұйымдастырып тұрған тиімді. Берілген ұғымға байланысты оқушылар өз ойларын, идеялары мен сабақ тақырыбының сан алуан аспектілерін қозғайтын болады. Осылайша олардың сөйлеу-ойлау дағдылары қалыптасып, сөйлеу тәжірибесі артатынына көз жеткіздім. Талқылауға қатысу оқушылардың қызығушылығын тудыруына, әртүрлі проблемаларды талқылауда сөйлеу дағдысы мен ойлау дағдысын қалыптастыруына әсер етеді. Дайындалатын тапсырмалар түрі пән мазмұнына бағытталған, оқушы түсінетіндей күрделілік деңгейі бойынша құрастырылуы тиіс. Әр тапсырма оқушының өздік жұмысына бағытталуы қажет.

          CLIL әдісінің  негізгі бес аспектісі  

Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады.          

         1. Мәдени аспект (Бұл басқа елдердің мәдениетін түсіну және зерттеу)

         2. Әлеуметтік аспект(Халықаралық үлгіде сертификат алу үшін емтихан  
        тапсыру мүмкіндігі мектеп бағдарламасы аясында білім деңгейін  көтеру)

         3. Тілдік аспект (Бұл тілдік құзыреттіліктің  жалпы деңгейін көтеру)

...

Скачать:   txt (26.4 Kb)   pdf (550.5 Kb)   docx (599.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club