Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңес Одағының 1985-1991 жарасында қайта құру кезеңі тарихқа

Автор:   •  Апрель 15, 2022  •  Реферат  •  1,704 Слов (7 Страниц)  •  269 Просмотры

Страница 1 из 7

ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында одақтас республикалардың әлеуметтік экономикалық жағдайы мүшкіл болды.1985 жылғы наурызда Черненько қайтыс  болғаннан кейін КОКП ОК нің бас хатшысы болып М.С. Горбачев келді. Одан халық демократиялық тәртіп орнататын шығар деп күтті.

1985 ж. сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық негізде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986 жылғы 25 ақпан-6 наурызда өткен партияның XXVII съезінің құжаттары мен сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарламасында өзінің көрінісін тапты.

Кеңес Одағының 1985-1991 жарасында қайта құру кезеңі тарихқа енді.

  1. Әлеуметтік экономиаклық дамуды жеделдету.
  2. Қоғамды демократияландыру.
  3. Елде жариялылықты қалпына келтіру.

Қайта құруды жеделдету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жж. қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалынды. Бірақ, М.С. Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына негізінен сыртқы саясатпен айналысты.

Осы кезде ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады.

Қайта құру саясатында бірнеше кезеңді анықтауға болады:

1-ші кезең – 1985 ж. сәуір айынан бастап – 1986 ж. желтоқсан айына дейін.

2-ші кезең – 1986 ж. желтоқсан айынан бастап – 1989 ж. маусым айына дейін.

3-ші кезең – 1989 ж. маусым айынан бастап – 19991 ж. желтоқсан айына дейін.

Бірінші кезеңде экономикалық ғылыми техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Дүние жүзілік талаптарға сай отандық машина жасау саласының құрал жабдықтары мен приборларын сатып алу көзделді. Бұл өндірісті көтеру ге алғы шарт жасады. Кадрларды ауыстыру саясаты да іске аспады. Бұл елді жайлаған маскүнемдік пен еңбексіз кіріс пен күресу кезінде көрінді.

Екінші кезеңде 1987 ж Қайта құру мәселесін көтерді. Қоғамдық сана мен әл ауқатын жақсартудың жолы жеке меншік пен нарық екені айғақтана түсті.

Үшінші кезеңде қайта құру идеяларының кең қанат жая алмауы бюракратиялық топтардың қарсылығына ұшырауынан. Сондықтан демократиядандыру бірінші мәселе болып табылды.

Бұрын республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жерлердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерімен санаспады. Мұндай жағдай 1986 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев жолдасты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небәрі 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев жолдас қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құрумен, демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейінгі екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, т.б жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек деген ұрандар болды.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары соның ішінде Г.Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдаумен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның барлығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңдағы жиналған халықпен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық комитеті Қазақ Республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. 1989 жылы Г.Колбин басқа жұмысқа ауысып, Мәскеуге кетті. Оның орнына 1989 жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (73 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club