Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру

Автор:   •  Февраль 2, 2020  •  Лекция  •  1,060 Слов (5 Страниц)  •  447 Просмотры

Страница 1 из 5

Төртінші бесжылдықтың (1946-1950 жж.) негізгі экономикалық

және саяси міндеті - өнеркәсіпті, көлікті, байланысты және ауыл

шаруашылығын одан әрі дамыту болып табылды. Жұмысшылар,

колхозшылар, интеллигенция – республиканың бүкіл еңбекшілері

соғыстан кейінгі шаруашылықты өркендету бағдарламасын жүзеге

асыруға асқан құлшыныспен кірісіп кетті. Бесжылдықта қара

107

металлургия мықтап дамыды. Теміртаудағы зауытта үш прокат станогы

мен екі мартен пеші, Ақтөбе ферросплав зауытында оның үшінші кезегі

іске қосылды. 1950 жылдың аяғына таман металлургиялық процестердің

тұйық циклімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының

құрылысын жүргізуге дайындық жұмыстары басталды. 1947 жылы

Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді.

Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар

одан әрі жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинаты

объектілерінің кешені салынып жатты. Текелі қорғасын-мырыш

комбинатының екінші кезегін іске асыруға әзірлік жүргізілді, Шымкент,

Лениногорск қорғасын зауыттары және түсті металлургияның жұмыс

істеп тұрған басқа кәсіпорындары қайта құрылып кеңейтілді.

Өнеркәсіпте бесжылдық тапсырмаларын орындау барысында жаңа

техника енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейініндегі шахталарда

жоғары өнімді 50 “Донбасс” комбайны, көмір қазып тиейтін және

түсіретін 100-ге жуық машина, көмір және кен жыныстарын тиейтін 40

машина, 1000-нан астам қуатты конвейер жұмыс істеді. “Қаратау” кенхимия комбинаты мен Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші

кезектері пайдалануға берілді. Қостанай талшық зауытында өнімнің

алғашқы тонналары шығарылды. Қарағанды синтетикалық сағыз

(каучук) зауытында екі цех қатарға қосылып, Ақтөбе химия зауыты

кеңейтілді. Бірқатар мұнай кәсіпшіліктерінің, соның ішінде Қаратон,

Мұнайлы және басқаларының іске қосылуы мұнай өндіруді 1950 жылғы

соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 пайызға арттыруға

мүмкіндік берді. 1950 жылы электр қуатын өндіру 1946 жылға қарағанда

2,3 есе өсті, бесжылдық тапсырмасы 1,5 есе дерлік асыра орындалды.

Құрылыс материалдары индустриясын дамытуға баса көңіл аударылды,

цемент өндіріле бастады. Кірпіш, әк, алибастр және басқа кейбір

материалдар өндіру соғысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Тастөбе мен

Қарағанды цемент, Өскемен, Петропавл және Қостанай кірпіш

зауыттары салынды. Жеңіл өнеркәсіп одан әрі дамыды. Жамбылда,

Қызылордада, Павлодарда былғары зауыттарының құрылысы аяқталды.

Көлік пен байланыс одан әрі дамыды. 1950 жылы ұзындығы 438

шақырым Мойынты-Шу темір жолы салынып жатты. Жамбыл-Қаратау

темір жолында қатынас басталды. Темір жолдың жалпы ұзындығы 1940

жылғы 6 581 шақырымның орнына 1950 жылы 8 407 шақырымға жетті.

Жүк тасу 1945 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейді. Паравоздан гөрі

неғұрлым тиімді тепловозға ауысу басталды. Тас жолдардың желісі

ұлғайды, автомобиль көлігінің жүк тасу айналымы 1940 жылға

қарағанда 1950 жылы 1,9 есеге көбейді. Республиканың 21 қаласында

автобустар жүре бастады. Әуе

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (49.3 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club