Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату. Банкроттық.

Автор:   •  Февраль 4, 2021  •  Контрольная работа  •  957 Слов (4 Страниц)  •  633 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Химия факультеті

Органикалық химия және полимерлер кафедрасы

Қолданбалы бизнестен

№2 Семинар

                                                            Топ: ТФП-311

                                                                           Дайындаған: Базар Ж.Т

                                                                              Қабылдаған: Асетова Г.Б

Қарағанды, 2021ж

4.02.2021ж

№2 Тақырып.

Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату. Банкроттық.

Семинар сабақтарының сұрақтары:

1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.

Кәсіпкерлік туралы заңнамамен жеке кәсіпкерлік субъектілерін – заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге әр түрлі ережелер бекітілген. Жеке кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманың (ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 17 сәуір 1995 жылғы №2198 Заңы) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қатысты айтар болсақ, оларды мемлекеттік тіркеудің 18 тәртібі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік туралы заңнамамен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына мемлекеттік тіркеуден өту міндеттілігі тікелей көрсетілген. Оның ішінде, мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiреуiне сай келетiн:

1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;

2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық кірісі бар дара кәсiпкерлер жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

3. Коммерциялық заңды тұлғаларды қайта құру нысандары.

Заңды тұлғаны қайта құрудың нысандарына:

қосылу; бірігу; бөлу; бөлініп шығу; өзгерту
Қосылу дегеніміз - бірнеше ескі заңды тұлға орнына жаңа бір заңды тұлғаның пайда болуы.

Бірігу дегеніміз -заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірігуі.

Бөлу дегеніміз - ескі заңды тұлға орнына бірнеше заңды тұлға пайда болуы. Бөлініп шығу -ескі заңды тұлға тоқтатылмай соның ішінен жаңа заңды тұлға бөлініп шығуы.

4. Коммерциялық заңды тұлғаларды ерікті тарату..                               Құрылтайшылар, қатысушылардың акционерлердің қалауы бойынша жалпы жиналыс шешімімен таратылуы.

Коммерциялық ұйымдар ерікті немесе мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымның ерікті түрде таратылуы заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) немесе құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген коммерциялық ұйымның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда коммерциялық ұйымды таратудың Азаматтық кодексте қарастырылған негіздердің тізімі үлгілі болып табылады. Олардың қатарына, көбінесе келесілер жатқызылады: коммерциялық ұйым құрылған мерзімнің аяқталуы; коммерциялық ұйымды құруға негіз болған мақсатқа қол жеткізілсе; коммерциялық ұйымды тіркеуді сотпен заңсыз деп таныса.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (89.8 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club