Microsoft Office Word мәтіндік процессоры. Құжаттарды құру, қайта түзету және пішімдеу
Автор: on paper • Март 9, 2019 • Контрольная работа • 25,139 Слов (101 Страниц) • 1,295 Просмотры
Зертханалық жұмыс №1
[pic 1] 2.2.1 «Microsoft Office Word мәтіндік процессоры. Құжаттарды құру, қайта түзету және пішімдеу»
Жұмыс мақсаты: мәтіндік құжаттарды қайта түзету мен пішімдеуді құруды үйрету.
Негізгі ұғымдар:
Мәтіндік процессорлар – қарапайым және құрамды мәтіндік құжаттарды құру, қайта түзету мен пішімдеуге арналған бағдарламалық құралдар.
Құжатты құру екі әдістің көмегімен жүзеге асады: үлгі негізінде, бұрын жасалған құжат негізінде.
Қайта түзету - бұрын жасалған құжаттарды өзгерту. Қате терілген символдарды өшіру BACKSPACE, DELETE батырмалары арқылы орындалады.
Басты мәзірдегі Шрифт немесе Абзац панелі құралдары көмегімен іске асады.
Пішімдеу әдістері:
- Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту
- Шрифтінің өлшемін басқару
- Шрифтінің астын сызуды басқару
- Теңестіру әдісін басқару
- Белгіленген (маркированный) және нөмірленген тізімдерді құру
- Абзац параметрлерін басқару
Құжатты сақтау. MS Word құжаттары .docx тұрақты кеңейтілуі файлдары түрінде сақталады. [pic 2] - «Office» батырмасының тізімінен Сохранить как бұйрығындағы қажетті үлгіні таңдау арқылы жүзеге асырылады.
[pic 3]
Құжатты жабу. [pic 4] - «Office» батырмасының тізімінен Закрыть бұйрығын таңдаңыз. Егер құжат бір немесе бірнеше терезеде бейнеленген болса, онда осы құжаттың барлық терезелері жабылады.
Іздеу және ауыстыру құралдары.
- Басты мәзірінен Найти (Ctrl+f);
- Найти өрісінде ізделінді мәтін бөлігі енгізеді;
- Табылған мәтінді автоматты түрде ауыстыру үшін Заменить басқару элементтері қосымшасын пайдаланады;
Өзгертілетін жолды Заменить на өрісіне енгізеді.
Батырмалар топтарының құрамын өзгерту. Құралдар панелінде батырмалар топтарының құрамын өзгерту үшін мәзірде [pic 5] - Другие команды... -Настройка бұйрығында, Выбрать команды из: терезесінде қажетті бұйрықты таңдап, Добавить батырмасы көмегін пайдалану қажет. Настройка панели быстрого доступа: тізімінде осы топтың батырмалары пайда болады.
Колонтитулдер деп құжаттың әрбір бетіндегі жоғары немесе төменгі өрісінде орналасқан аймақты айтады (Вставка→Колонтитулы). Колонтитулға әдетте құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басып шығарылатын мәтін немесе сурет (бет нөмірі, құжатты басу күні, ұйым белгісі, құжат атауы, файл атауы, автор фамилиясы және т.б.) қойылады.
Гиперсілтеме – Ғаламатордағы немесе интра желінің HTML-бетіндегі файлға, файл адресіне көшуге мүмкіндік беретін түрлі түсті немесе астыңғы жағы сызылған мәтін немесе сурет.
Мәтін бөлігіне гиперсілтемені орнату:
- Гиперсілтеме орнатылатын бөлікті айшықтап, Вставка мәзіріндегі Связи бөлімінде Гиперссылка батырмасын басу қажет.
- Связать аумағында Новый документ батырмасын шертіңіз.
- Жаңа файл атын енгізіңіз. Сонымен қатар, жаңа файлға жолды енгізіп, сонан соң түзеу үшін бірден файлды ашып көруге немесе артынан тексеруге болады.
ОК батырмасын басыңыз.
[pic 6] 1-жаттығу:
[pic 7]
23-сурет.- Жаттығудың орындалуы
- Мәтінді теріп, 23-суреттегідей пішімдеу жүргізіңіз.
- Құжатты өз бумаңызға Зерт_жұмыс_1_Word деген атпен сақтаңыз.
- Парақты сақтаудың жаңа параметрлерін Разметки страницы – Параметры страницы батырмалары арқылы орнатыңыз: жоғарғы - 2.5, төменгі - 2.5, сол жағы - 3, оң жағы - 1.5, бағыты – альбом, масштаб – 75%.
- Главная – Найти командасының көмегімен мәтіндегі П әрпінен басталатын сөздерді табыңыз. Главная – Заменить командасының көмегімен «Самал» тіркесін «Жазира» сөзімен алмастырыңыз.
- Колонтитул орнатыңыз. Осы колонтитулға парақ нөмірін (орналасуы– парақтың төменгі жағында, тегістелуі – ортадан), құжаттың атын («Зерт_жұмыс_1_Word»), құрылған мерзімін, сондай-ақ өзіңіздің аты-жөніңізді жазып, факультет пен тобыңызды көрсетіңіз.
[pic 8] 2-жаттығу:
1. Келесі мәтіннен тұратын Інжу.doc деп аталатын жаңа құжат құрыңыз:
«ІНЖУ» қонақ үйі – бұл елеулі аумақты алып жатқан туристік кешен. Қонақ үй балалармен бірге демалуға арналған. Шаңғы тебу алаңдары мен шаңғы мектебі жақын орналасқан. Қонақ үйде мейрамхана, хауыз, монша мен гимнастикалық бөлме бар. Сонымен қатар бұл қонақ үйде:
...