Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Автор: Kudaibergen2003 • Апрель 29, 2022 • Реферат • 490 Слов (2 Страниц) • 301 Просмотры
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
14-дәріс
3-6 қиындық дәрежелі белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыру. Түнеу орындарын жабдықтау. Бивак жұмыстары
Үшінші категориядан қиындығы жоғары белсенді туристік саяхаттардың 1-2 категориялық жорықтардан басты ерекшелігі – мұнда қатысушылардың тек физикалық қана емес, техникалық дайындығы өте жоғары деңгейде болуы тиіс. Ондай болмаса, апат жағдайы ықтимал.
Осындай маршрутты орындау үшін жорықтар тәжірибесі болуы тиіс. Сонымен қатар, маршруттың басында биіктік акклиматизация ескерілуі қажет.
Маршрутта 5000 м-ден асатын асулар немесе шыңдар болса, жолдың акклиматизациялық бөлігі 4-5 күннен кем болмауы керек және осы кезде максималды биіктіктен 1000 м төмен жерге көтерілу қажет. Сондай-ақ, бір тәуліктегі биікке шығу көрсеткіші шектелуі тиіс: акклиматизациялық кезеңде 600 метр, ал негізгі кезеңде 1200 метрден көп болмауы тиіс.
Сөйтіп, таулы маршрут ұйымдастыру үшін қажетті жоспар:
1) 3000 м-ден биік нүктелері бар маршруттарда акклиматизациялық кезең қажет;
2) маршруттың бірінші жартысында асулардың қиындығы бірте-бірте өсуі тиіс. Ең қиын асулардан бұрын олардан қиындығы бір категория төмен асулардан өткен дұрыс;
3) дегенмен, ең қиын асуларды маршруттың ең соңына жоспарламау керек, өәткені ол кезде туристер қатты шаршайды.
Коммерциялық тау турларын қарастырсақ, Қазақстанда оңай трекингтер мен биік шыңдарға шығумен бірге турлардың аралас түрлері іске асырылады: алдында 8-10-күндік 1-2 категориялы трекинг өтеді, одан кейін 6-7 күнге созылатын биік (5-6 мың м) шыңға шығу ұйымдастырылады.
Вуколов В.Н. ұсынған осындай турдың мысалын келтіруге болады. Алматы – Кіші Алматы шатқалы – «Шымбұлақ» қонақүйі – Талғар асуынан (категориясыз, 3163 м) жаяу асу – Сол жақ Талғар шатқалы – Науырықсай –ТЭУ асуы (1б, 4050) – Орта Талғар шатқалы – Шокальский мұздығы – Суровый асуы (2а, 4455м) – Корженевский мұздығы – Талгар шыңына (3а, 5017м) шығу – Корженевский мұздығы – Бивуачный асуы (2а, 4450м) Орта Талғар – Оңтүстік ТЭУ асуы (2а, 3900 м) – Сол жақ Талғар шатқалы – Бутаковский асуы (категориясыз, 3000 м) – Бутаков шатқалы – Алматы.
...