Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Механика» бөлімі бойынша демонстрациялық эксперимент өткізудегі техникасы мен әдіс

Автор:   •  Октябрь 20, 2024  •  Лекция  •  557 Слов (3 Страниц)  •  30 Просмотры

Страница 1 из 3

2.«Механика» бөлімі бойынша демонстрациялық эксперимент өткізудегі техникасы мен әдіс.

Орта мектепте «Физика» пәнін оқыту барысындағы негізгі ұғымдар, түсініктер, заңдарды тұжырымдайтын және құбылыс-тарды сипаттайтын тәжірибелердің көрсетілу техникасы мен әдістемесін оқып-үйрену:

Мектептік физикалық эксперимент – оқушыларды физикаға оқытудағы маңызды әдістерінің бірі; ол бірнеше түрге ие, ол ылғида дамып, кеңейеді, жаңа қондырғылармен, тәсілдермен, орындау құралдарымен толықтырылып отырылуда. Сондықтан оны қарастыруға көп көңіл бөлінеді.

Мектептік физикалық эксперимент жиынтығында негізгі орынды әрбір физика сабағында қолданылатын демонстрациялық тәжірибе алады.

Бұл эксперимент физикалық құбылыстарды, процестерді, заңдылықтарды оқушыларға тек қана көрсетіп қоймайды. Оқушылар бақылап, талқылап тәжірибенің мағынасын түсініп және ойша оқытушының іс әрекетін қайталай отырып, бастапқы тәжірибелік біліктілік алады. Біліктілік тек қана оқушы өз қолымен тәжірибе жасағанда ғана жинақталмайтынын айта кету керек. Фронтальдық зертханалық жұмыстарды және физикалық практикум жұмыстарын орындамай-ақ оқушылар демонстрациялық тәжірибелер көмегімен физикадағы тәжірибелік әдістермен танысады. Оқушыларды демонстрациялардың бір бөлігін, нұсқасын орындатуға, кез келген тәжірибені қайталауға шақырғанда мұғалім кейбір тәжірибелік біліктілікке үйретеді.

Мектептегі өзіндік жұмыс - оқушылар ең көп білімді өздері мұғалімнің жетекшілігімен алады.

Демонстрациялық тәжірибе физика бойынша оқу үрдісінде өзінің анықтаушы мағынасын жоғалтқан жоқ және мектептік физика эксперименттің негізгі түрі болып табылады.

Эксперименттің осы түріне қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық:

1. Бірінші, демонстрациялық тәжірибеге негізгі және өзгермейтін талап – оқушылар қай жерде отырмасын физика кабинетінде (бірінші немесе ақырғы үстелде) сыныптың барлық оқушыларына жақсы көріну керек. Оқушылар тәжірибенің жақсы көрінуін қамтамасыз ету үшін демонстрациялық аспаптар өлшемі жеткілікті үлкен болуы керек, ал егер бұл мүмкін болмаса, олардың көрінуін қамтамасыз ететін арнайы тәсілдерді қолдануға болады.

Мұғалімнің тәжірибені демонстрациялай білуі аз роль атқармайды, көбіне өзі көрсетіп тұрған тәжірибені оқушылардың бақылауына кедергі жасамауы үшін демонстрациялық қондырығының жанында өзінің орнын таба білуі керек.

2. Демонстрациялық тәжірибеге қойылатын екінші талап – олардың көрнекілігі. Бір қарағанда бұл көрінуі сияқты, бірақ олай емес. Көрнекілік демонстрациялық тәжірибенің

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (43.6 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club