Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туризмді дамытуға үлес

Автор:   •  Октябрь 4, 2021  •  Реферат  •  410 Слов (2 Страниц)  •  247 Просмотры

Страница 1 из 2

Туризмді дамытуға үлес

Туризм – халықтың спецификалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ұлттық және халықаралық экономиканың ірі дербес саласы. Ол халықаралық экспортта автокөлік, химия және отын өнімдерінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленсе, кіріс жағынан мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленеді. Туризм тұрғындардың тұрмыстық ахуалын жақсартады, қоршаған ортаны және халықтың мәдени жағдайын ұлғайтуға көмектеседі. Туризмді дамыту экономиканың – көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынысындағы тауарларды өндіру сияқты салаларын дамытуға ықпалын тигізеді.

Тәуелсіздіктің тұғырына шыққан соңғы отыз жылда қазақстандық туризм де біршама алға ілгерілеп, кіру және шығу туризмінің бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіштеріне ие болды. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасын жақсарту, туристік инфрақұрылымды дамыту, кадрлар дайындау перспективалық жолға қойылып, әлемдік аренада имиджі қалыптасқан, беделі жоғары елдердің қатарына енуге мүмкіндіктер ашылды. Әрине, әлемді жалмаған пандемия жағдайы бірқалыпты даму жолындағы бұл салаға әсерін тигізбей қоймады, әйтсе де, жүйеленген саясат аз уақытта барлығын өз орнына қоюға шамасы жететіндігіне сенім мол.  

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – мемлекеттің мерейлі мерекесі. Әрбір қазақстандық осы жылдардағы еркіндіктің халық өміріндегі алатын өзіндік орнын, тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізді байыптауға, бағамдауға тиіс. Еліміздің туристік бағытта пайдалануға қолайлы баға жетпес ресурстарын сақтап, насихаттап, халық арасында демалыс мәдениетін қалыптастыруға ел болып күш жұмылдыру керек.

Қазақстанда 1993 жылдан бастап, 27 қыркүйек Халықаралық туризм күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн мереке ретінде 1979 жылы Испанияда Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясымен бекітілген болатын.  Дәл осы арнаулы күннің құрметіне әлемнің әр түкпірінде турлар, туристік слёттар, фестивальдар, бұқаралық жиындар, туристік жорықтар өткізіледі.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (58.8 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club