Практическая работа по "Туризму"
Автор: farizamyrza03 • Март 29, 2023 • Практическая работа • 2,919 Слов (12 Страниц) • 173 Просмотры
майнер срс
1 сурак
Халықаралық қонақ үй бизнесі индустриясы пәні туризм мамандығында оқитын студенттер үшін өте керекті курс болып табылады. Себебі Қазақстанда қонақ үй бизнесі енді қарыштап дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады. Бір үлкен қонақ үй шамамен 200-300 адамды жұмыспен қамтиды. Ал Ақтау қаласында ашылған Rixos 5 жұлдызды қонақ үйі маусым кезінде 800 тіпті 1000 адамға жұмыс тауып бере алады. Еліміздегі азаматтардың басым бөлігінде қонақ үй дегенде қате пікірлер қалыптасады. Қонақ үй жұмысын мамандық ретінде есептемейді. Сонымен бірге қонақ үйлерде жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біразы қонақ үй жұмысын уақытша табыс көзі деп санайды. Бұл әрине сол қонақ үйдің сервис деңгейіне қатты әсер етеді. Еліміз транзитті мемлекет ретінде болашақта өте көп туристтерді қабылдайды, экономикалық қуаты зор мемлекет ретінде болашақ мамандар халықаралық қонақ үй бизнесі пәнін міндетті түрде оқып шығулары керек. Бұл пәнде әлемдік қонақ үй желілерінің алғашқы құрылтайшылары жөнінде, сол қонақ үйлерде көрсетілетін қызметтердің ерекшелігін, іскерлік этика және әлемдегі қонақ үйлердің инновациялық қадамдары жөнінде біліп, шынайы бейнесін қалыптастырады.
Қонақ үй бизнесінің қалыптасу кезеңдеріне келер болсақ бастау алған тарихы өте тереңде жатыр. Адамдар діни орындарға зиярат етумен қатар басқа елдерге сауда саттық жасау арқылы тұрғылықты жерінен басқа жерлерге де сапар шеккен.
Қонақ үй бизнесінде неге тек діни орындарға зиярат етумен сауда саттық мәселесі қарастырылады?
Қонақжайлылық кәсіпорындарының пайда болуында Таяу Шығыстағы, Азия мен Закавказьедегі сауда байланыстарының дамуы үлкен рөл атқарды. Осы аймақтардың аумағы арқылы тауармен бірге керуендер жүретін ең ірі сауда жолдары өтті.
Қонақжайлылық индустриясын 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Ұлы жібек жолы және сауда жолдарының қалыптасуы
Орта ғасыр, діни орындарға зиярат
Теңіз жолдарының ашылуы, жаңа жерлерді жаулап алу
Индустриялану ғасыры, 1800 - 1900 жж
2 сурак
Джон Марриотт - Марриот корпорейшн
Кеммонс Уилсон – Holiday Inn, IHC
Конрад Хилтон – Hilton, Hampton
Чарльз Форте – Рокко форте
Абрам Притцкер - Hyatt
Бертольд Кемпински - Kempinski
Цезарь Ритц - Ритц
Элсворт Статлер – Статлер,кейін Хилтон сатып алды,клиент всегда прав.
3 сурак
1887 жылы 25-ші желтоқсанда Нью Мексико штатындағы Сан-Антонио қалашығында Европадан қоныс аударған иммигранттардың жанұясында дүниеге келді. 1907 жылы Экономикалық құлдыраудың кесірінен оның жанұясы үйіндегі бөлмелерді жалға беретін. Осылайша ол қонақжайлылық бизнесін бала кезден сезіне бастады. Ол ата анасына жәрдемдесіп күнделікті кешкісін вокзалға барып жолаушыларға түнейтін бөлме ұсынатын. Колледж бітірген соң достарынан қарызға қаражат алып, қалған бөлігін банктен кредит алып Техас штаты Сиско қаласынан 40 бөлмелі «Mobley» қонақ үйін сатып алды. Онда ол жұмысқа келген мұнайшыларға төмен бағамен бөлмелерді жалға бере бастады. Ол қонақ үйдің қарымын байқап, онда жөндеу жұмыстарын жүргізді және басқару жүйесіне өзгерістер енгізді. Ол қонақ үйдің ішіне дүкен, газет киоскісін, мейрамхана, би залдарын кіргізді. Келушілер қонақ үйге тек түнеу үшін ғана емес көңіл көтеру үшін де келе бастады.
4 сурак
Holiday Inn қонақүйлер желісінің негізін қалаушы Чарльз Кеммонс Уилсонның өмірі "балшықтан Ханзадаға дейін" тарихының тамаша үлгісі болып табылады.Әкесінен өте ерте айырылған бұл бала өмір сүру жауапкершілігін өз мойнына алды және жалғызбасты анасына барлық жағынан көмектесті. "Holiday Inn" құрылғанға дейін бұл жас жігіт кез келген нәрсені сатумен айналысты. Алайда оның негізгі кірісі балмұздақ, сигара және попкорн сатудан түскен.Ақылды сатушы пайданы үнемдеп, көптеген қалаларда кинотеатрлар сатып ала бастады. Лас, бірақ қымбат жол бойындағы мотельдегі ауыр тәжірибеден кейін көп ұзамай ол қонақүйлер салуға қызығушылық танытты. Бұл Чарльзді саяхатшыларға қол жетімді орналастыру нұсқаларына жедел өзгерістер енгізуге итермеледі және осылайша "Holiday Inn"дүниеге келуіне жол ашты.Holiday Inn қонақ үйлері таза нөмірлерімен, стандартты бағаларымен және жолдағы адамдар үшін қол жетімділігімен танымал болды, бұл оларды отбасылық демалысқа қолайлы етті. Көп ұзамай Кеммонс танымал болды, оның Қонақ үйлері тек Америка Құрама Штаттарында ғана емес, бүкіл әлемде танымал болды. Уилсон оны Британдық bass PLC компаниясына сатқанға дейін отыз сегіз жылға жуық уақыт бойы бизнес өркендеді, ол қонақүйлерді "Holiday Inn Worldwide"деп өзгертті.
...