Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойын-сауық кәсіпорындарының жіктемесін құрастыру

Автор:   •  Февраль 18, 2021  •  Реферат  •  513 Слов (3 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 3

«Ойын-сауық кәсіпорындарының жіктемесін құрастыру»

Ойын-сауық – бұл тек қызықтау мен рахаттану ғана емес, жылдан жылға өсіп келе жатқан миллиардты айналымды әлемдік индустрия. Ойын-сауық туризмнің басты мотив санына жатады: оларсыз бірде-бір сапар жүзеге аспайды. Адамдар саяхатқа жаңа ұмытылмас әсерлер мен эмоциялар, сезімдер үшін шығады. Адамның осы және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ойын-сауық құралдары жасалып, қуантатын іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде нарық экономикасы дамып, орын алып, ойын-сауық индустриясының әртүрлі бағыттағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Соның ішінде қонақүйлердегі ойын-сауық орталықтарының тиімділігі артуда. Курорттарда және жақсы қонақүйлерде туристтердің бос уақытын ұйымдастыруға арналған инструкторлар, көңіл көтеру үшін, сауықтандыру үшін аниматорлардың арнайы персоналдары жалданады. Ойын-сауықтар жиі экскурсиялық бағдарламалармен де ұйымдастырылады – музейлерге бару, тарихи ескерткіштер мен табиғи көрікті жерлерді қарау, қала мен аймақты кеңейтілген экскурсиясы. Оларға, сонымен қатар, басқа да танымдық және универсалды іс-шаралар жатуы мүмкін.

Индустрияның кез келген кәсіпорны, оның ішінде казино, ойын – сауық кешені, мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Кез келген кәсіпорында жалпы міндеттер болады, олар тұтунышының сұранысын қанағаттандыру , нарықты күшейту және табыс алып келетін маркетинг жолдары болып табылады. Яғни, кәсіпорынның тиімді түрде нарықта орнын сақтайтын, бәсекелік қабілеттілігін арттыратын бірнеше өзіндік ерекшеліктері болу керек. Осы жолда жетістікке жеткізетін нәрсе бұл сервис. Сервистің жоғары деңгейі – өзін нарықта сақтап қалуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, клиенттердің назарын аударуға, олармен ұзақ мерзімдік байланыс орнатуға септігін тигізеді. Ойын-сауық кәсіпорынының қызметі қайталанатын қызметтерден тұрады. Сондықтан клиенттерді сақтап, жаңа клиенттер тарту үшін жоғары сервиске ұмтылу маңызды.

Ал ойын-сауық индустриясының

...

Доступно только на Essays.club