Автомобильдік және темір жол көлігінен элеваторлардың қабылдау құрылымдары
Автор: Nazymkaaaa • Ноябрь 8, 2025 • Реферат • 726 Слов (3 Страниц) • 33 Просмотры
Бақылау сұрақтарына жауап Назымбекова Назым ТПП 23-19 топ
1-сұрақ Автомобильдік және темір жол көлігінен элеваторлардың қабылдау құрылымдары.
Элеваторлар астықты автомобильмен және темір жол вагонымен қабылдай алады. Әр көлік түріне сәйкес қабылдау құрылғылары болады.
[pic 1]
Бірінші біз автомобильдік транспорт арқылы қабылдауды қарастырсақ (1-сурет) берілген. Автокөліктерден астық түсіру мақсатында жер астына орналасқан қабылдау бункерлері салынады. Бұл бункерлер төменгі жағынан транспортерлік галерея арқылы элеватордың жұмыс мұнарасындағы нориялармен (астықты тік көтергіш құрылғылармен) қосылады.
Астықты автокөліктерден түсіру автомобиль түсіргіштерінің (ПГА-25М, ГУАР-15, ГУАР-30, БПШФ-300 және т.б.) көмегімен жүзеге асырылады. Олар машинаның артқы немесе бүйірлік бортын ашу арқылы астықты қол еңбегінсіз түсіреді. Түсірілген астық транспортер арқылы жұмыс мұнарасындағы норияға жеткізіледі.
Суретте көрсетілгендей ең алдымен 1.Автокөлік арнайы жабдықталған көтергіш платформаға (2) кіреді.2.Лебедка (1) платформаны көтеріп, автокөлікті белгілі бір бұрышқа (35°) көтереді. Бұл — астықтың кузовтан оңай төгілуі үшін қажет.3. Астық қабылдау бункеріне (3) төгіледі.4. Содан кейін астық қабылдау жерасты транспортері (4) арқылы әрі қарай элеватордың өңдеу немесе сақтау жүйесіне жеткізіледі.
Келесі теміржол транспорты арқылы қабылдау.(2-сурет)
[pic 2]
Бұл суретте астықты вагондарға тиеуге арналған құрылғының схемасы көрсетілген.Құрылғы астықты элеватордан темір жол вагонына тиеу процесін автоматтандыруға арналған.
Сипаттамасы:
1 – Тиеу құбыры (труба) – астық осы құбыр арқылы вагонға бағытталады.
2 – Реттелетін бағыттау құбыры – астық ағынын қажетті бағытқа бұру үшін.
3 – Құбырды көтеріп-түсіретін механизм – тиеу құбырының биіктігін вагонның биіктігіне байланысты реттейді.
4 – Қолмен немесе автоматты түрде басқару құрылғылары.
Қорытындылай келе екі жағдайда да қабылдау пункттерінде шаңды ұстайтын бөлшектеу, дезактивация және зертханалық сынау (құрамы, ылғалдылық, лас заттар) қарастырылған болуы тиіс. Қабылдау құрылымдары элеватордың технологиялық желісіне тығыз интеграциялану арқылы астықты жоғалтусыз, тез және қауіпсіз өткізуге бағытталады.Екеуіде тиімді және жұмыс істеу принцпін көрсеттім.
2-сұрақ Негізгі тасымалдау жабдығының мөлшері және қажетті өнімділіктің есебі мен анықтамасы.
Элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында негізгі тасымалдау жабдықтарына нориялар, транспортерлер, шнектер және элеваторлық көтергіштер жатады. Бұл жабдықтар астықты қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау процестері арасында үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.
1. Негізгі жабдық мөлшерін анықтау:
Жабдықтың мөлшері (өлшемі, саны және түрі) кәсіпорынның жалпы өнімділігіне, яғни тәулігіне өңделетін астық көлеміне байланысты анықталады.
Жабдық саны мына формула бойынша есептеледі:
N=Q/Qж
N – қажетті жабдық саны;
...