Металлоконструкциялық өнеркәсіп
Автор: timur9902 • Сентябрь 30, 2020 • Курсовая работа • 3,379 Слов (14 Страниц) • 360 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
1. Бастапқы деректер 6
2. Ғимараттың құрылыстық конструкциясына қойылатын талаптар 7
3.Ғимарат конструкциялары 8
3.1 Іргетас 9
3.2 Бағаналар 10
3.3 Кранасты арқалықтар 12
3.4 Терезелер 13
3.5 Фонарлар 14
4. Тұрмыстық бөлмелерді есептеу 15
5 Негізгі жоспар 16
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Ғимарат конструкциясы –максималды заводтық дайындықпен жасалған ірі өлшемді құрама элементтер негізге алынады.
Ғимараттың жобасы біріздендірілген архитектуралы – жобалық қадамдар мен бағаналардың модульдік жүйесіне негізделіп жасалған.
Өндірістік цехтың құрылыс индустриясындағы архитектура – құрылыстың
жобасы ҚНжЕ 2.09.02-85 (құрылыстық нормаға және ережелерге) сәйкес жасалынған.
"Металлоконструкциялық өнеркәсіп".
Тасымалдауыш конструкциялардың аралықтары Біріңғай Модулдік Жүйеге (БМЖ) сәйкес таңдалды.
Қазіргі заманғы индустриалды құрылыс өндірісі, құрылыс алаңдарына, монтаждау крандарының жүккөтергішіне сәйкес келетін, монтажға дайындалған массасы 50 тоннаға дейін болатын, ғимараттың ірілендірілген элементтерін жөнелтетін, дайындаушы зауыттардың дамыған желілері базасында жүргізіледі.
Өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың елеулі бөлігі типтік жобалар бойынша тұрғызылады.Типтендірудің мақсаты, аталған кезең үшін ғимараттарды салу мен пайдалануда көбірек экономикалық тиімділік беретін неғұрлым әмбебап көлемдік – жоспарламалық және құрылымдық шешімдерді тұрақты түрде таңдап алу болып табылады. Белгілі бір өндірістік қуатпен шектелген және олардың көлік құралдары қызмет көрсететін, әмбебап мақсаттағы ғимараттар секциялары типтендіріледі.
Қазіргі заманғы типтік ғимараттар мен имараттар, олардың біріңғайланғандылығымен, яғни өзінің алдындағылардан құрылыс индустриясы әдістерімен тұрғызу үшін дайындалғандығымен өзгешеленеді Біріңғайландыру, жасап шығаратын заттардың мүмкіндіктеріне, тасымалдаудың монтаждаудың қарапайымдылығы және т.б. осындай өлшемдерге сәйкес таңдап алынған , ғимараттардың неғұрлым үнемді және әмбебап элементтерін қолдану жолымен жүргізіледі.
Құрылыстағы ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттары –оны дәйекті индустрияландыру болып табылады .Құрылыс құрылымдары мен бөлшектерін өнеркәсіптік өндірісінің тиімділігі, оларды жасауға жұмасалатын шығындарды азайту мүмкіндігі, басты түрде оларды жаппай шығаруға және құрылымдық шешімдердің ұтымдылығына байланысты болады. Осымен байланысты өнеркәсіптік ғимараттардың көлемдің –жобаламалық шешімдерін оңтайлы біріңғайландыру мен типтік құрылымдарды кеңінен қолдану бірінші кезекті маңызға ие болады.
...