Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жолды ағымдағы күтіп ұстаудың маңызы

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Курсовая работа  •  3,538 Слов (15 Страниц)  •  1,497 Просмотры

Страница 1 из 15

«М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ «АҚМОЛА КОЛЛЕДЖІ»

[pic 1]

02.04.2018 – 05.05.2018ж.АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРБИЕСІНІҢ ЕСЕБІ

Тақырыбы: ЖОЛДЫ АҒЫМДАҒЫ КҮТІП ҰСТАУ

Мамандығы: 1409000– «ТЕМІР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТЕМІР ЖОЛ ЖӘНЕ ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ»

Тәжірибе жетекшісі: Жанбауова Айгерім Жетесқызы_____________________

Есеп беруші: ТЖШ-44/1 топ студенті

                              Рахимов Алихан Кенжебекұлы_______________________________

Астана 2018 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Жолды ағымдағы күтіп ұстаудың маңызы

2.2.Күтіп ұстау кезінде атқарылатын жұмыстар

Қорытынды


КІРІСПЕ

Ел экономикасы үшін теміржол көлігі жұмысының маңызы есепке алына отырып Қазақстанның теміржол көлігі саласын одан ары дамыту бойынша жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілуде, ол 2020 жылға дейін Қазақстанның көлік инфрақұрылымы жүйесін интеграциялау және дамыту бағдарламасының негізіне айналды.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты теміржол саласының жұмыс істеуі үшін және құқықтық мүмкіндіктер үшін қолайлы жағдай жасау, ұлттық жолаушылар мен жүк тасымалдайтындарды дамыту. Сонымен қатар, бағдарламада теміржол инфрақұрылымының негізгі активтері мен отандық теміржол машина жасушыларды дамыту қарастырылған. Бағдарламаны жүзеге асыру аталмыш саладағы бірқатар мәселелердің шешімін тауып береді. Оның бірі теміржол инфрақұрылымының тозуы, оларды ауыстыру мен ескі жолды қалпына келтіру, күтіп ұстау процестерін ұйымдастыруға байланысты мәселелер жатады.

Жолды ағымдағы күтіп ұстау ісі жыл он екі ай жөндеу үстіндегі учаскелерді қосқанда бүкіл жол бойында жүргізіледі. Оған ақаулардың пайда болу себебін зерттеу және оларды жөндеп, алдын алу жұмыстарын атқару кіреді. Теміржол көлігін техникалық жабдықтаудың негізгі элементтері жасанды ғимараттарымен релістік жолдар, стансалар мен бөлім бекеттері, жылжымалы құрал, электірлі жабдықтау құрылғылары, тасымалдау процессін басқару, жүріс қауыпсіздігін қамтамасыз ету және реттеудің арнайы құралдары болып табылады.

Қума жолдар мен стансалардағы барлық құрылыстар мен құрылғылар техникалық пайдалану қағидалары (ТПҚ) және жолды ағымдағы күтіп ұстаумен байланысты өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген нормаларға және рұқсаттарға сәйкес күтіп ұсталуын талап етеді.

Жолды ағымдағы күтіп ұстау ісін жүргізетін жол шаруашылығының негізгі құрылымдық бөлімшесі жол дистанциясы болып табылады. Жол дистанциясының ұзындығы мен оның құрылымдық бөлінісін пайдалану жағдайына қарай «ҚТЖ»ҰК»АҚ белгілейді.

Жол дистанциясында «ҚТЖ»ҰК»АҚ белгілеген жолды ағымдағы күтіп ұстауға шығатын жұмыс күші нормаларына және дистанцияның бекітілген құрылымдық бөлінісіне сәйкес жол монтерлері құрамы, сондай-ақ қажетті техникалық жарақтар, құрал-жабдықтар мен саймандармен қамтамасыздандырылады.

Жолды ағымдық күтіп ұстауға бағытталған жұмыстардың негізгі түрлері:

  • жолды қарап тексеру және диагностика (жоба алдындағы тексеруге кіретін жекеленген түрлерден басқа);
  • жасанды құрылыстарды қарап тексеру және диагностика (жоба алдындағы тексеруге кіретін жекеленген түрлерден басқа);
  • ақаулы және аса ақаулы рельстерді, шпалдарды, білеулерді,бекітпелерді және бағыттамалы бұрма элементтерін бір-бірлеп ауыстыру;
  • машиналандырылған кешендерді қолдана отырып, жолды алдын ала жоспарлы түзету, соғып нығайту және тегістеу бойынша жұмыстар;
  • жолтабан енін реттеу;
  • түйіспе жолдың өрімдеріндегі температуралық кернеулерді разрядтау;
  • жекеленген шайқамаларды жою (негізгі алаңшадан төмен ластанған балласты кесіп алып, тазасына ауыстыру);
  • көтерілген жерлерде жолды түзету;
  • жер төсемінің, балластық призманың, субұрғыш құрылыстардың жай-күйін бақылау;
  • қар, су, құммен күрес;
  • түйіспелерді пісіру, оның ішінде түйіспесіз жолдың тіндерін уақытша қалпына келтіру орындарында пісіру;
  • ақаулы жерлерде айқаспаларды балқытып қондыру және көміртектендіру, рельстерді балқытып қондыру;
  • қисықтардағы бүйірі тозған рельстерді жұмысшы жиегін ауыстыра отырып, қисықтан түзуге және керсінше ауыстырып қою;
  • темір жолды өсімдіктерден, қоқыстардан тазалау;
  • жасанды құрылыстарды ағымдағы күтіп ұстау;
  • қардан, желден және малдан қорғау қоршауларын ағымдағы күтіп ұстау;
  • өтпежолдарға қызмет көрсету;
  • сигналдық және жолдық белгілерді күтіп ұстау;
  • шақырымдық босалқы қор материалдарын сақтайтын үлдірікті стеллажды норма бойынша толықтыру.

Келтірілген жұмыстардың құрамы мен көлемі жолда пайда болған ауытқулардың түріне, жолдың жоғарғы құрылымының конструкциясына, жолдың планы мен профиліне, жүктемелікке, поездардың қозғалыс жылдамдығына, өткізілген тоннажға, климаттық жағдайға, қолданылған техникалық құралдарға және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Жолдың ағымдағы күтіп ұстау жұмыстары олардың орындалу критериі бойынша жедеғабыл (кезек күттірмейтін), алғашқы кезектегі және жоспарлы алдын-алу жұмыстары болып бөлінеді.

...

Скачать:   txt (52.8 Kb)   pdf (245 Kb)   docx (109.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club