Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білікті уатқыштың негізгі параметрлерін есептеу

Автор:   •  Февраль 13, 2019  •  Реферат  •  507 Слов (3 Страниц)  •  624 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану және технологиялар факультеті

Физика және технологиялар кафедрасы

ЕСЕП

Білікті уатқыштың негізгі параметрлерін есептеу

Тексерген: Молдашев Ерик

Орындаған: Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының 3-курс студенті Беркутбай Ақерке

Өскемен қаласы, 2018 жыл

Білікті уатқыштың негізгі параметрлерін есептеу

Тамақ өнеркәсібінде астықты, күнжараны, жеміс-жидектерді және т.б. ұсақтауда білікті ұсақтағыштар кеңінен қолданылады. Ұсақталатын материал горизонталь біліктердің арасында қысу және үйкеу тәсілдерімен майдаланады. Біліктер саны әртүрлі болуы мүмкін (бір жұп немесе бірнеше жұп). Жұп біліктер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, материал екеуінің арасында ұсақталады. Біліктердің беті тегіс, бұдыр және тісті болуы мүмкін. Біліктер шойыннан жасалынады да, беті тозуға төзімді марганецті болатпен қапталады.

Білікті уатқыш сонымен қатар көмір, руда, әктасты майда және орташа ұсақтау үшін қолданылады. Білікті уатқыштың диаметрлері бірдей екі біліктері (3,5) бар. Олар бір-біріне қайталымы бірдей уақытта қарама-қарсы айналады.

[pic 1]

Білікті уатқыштың схемасы

Біліктердің мойынтіректері жылжып кетпес үшін пружиналармен бекітілген.  Екі білік арасындағы мойынтіректердің ортасына төсеніш орналастырылған (4). Онымен біліктердің арасындағы саңылаулар реттеледі. Саңылаудың мөлшері ұсақтағыштан шығатын ұсатылған өнім бөлшектерінің максималды шамасын анықтайды.

Тегіс біліктер материал бөлшектерін езгілеп бөлшекті біліктердің арасында үйкеу күшімен тарту арқылы ұсақтайды.

Екінші суретте көрсетілгендей, тегіс біліктердің бетіне қатысты ОМ және ОN жорамалдағы жазықтықтары жанасу нүктесінде тартылған материал бөлшектердің арасында  бұрышын құрайды. Бұл бұрыш білікті уатқыштың басып алу бұрышы деп аталады. [pic 2]

Материал бөлшегін тарту үшін екі білік арасындағы кеңістік мына шартқа сәйкес болуы керек: . Осы жерде білікті уатқыш үшін  деген тұжырымға келуге болады. Мұндағы,  – білік үшін материал бөлшегінің үйкелу бұрышы. [pic 3][pic 4][pic 5]

Білік үшін материал бөлшегінің коэфициенті f 0,3 және басып алу бұрышы  болу керек. Ұсақтау еселігі тегіс біліктер үшін іDK/d3÷5, кедір-бұдыр және тістер үшін 8-ге дейін; мұндай ұсатқыштардан мөлшері 20 мм-ден кем болмайтын бөлшектер шығады. [pic 6][pic 7][pic 8][pic 9]

[pic 10]

Білікті уатқыштың жұмыс схемасы

Уатқыш материалдың максималды ірілігі DK білік диаметріне, беттерінің жағдайына және білік арасындағы саңылауға байланысты. Тегіс біліктер үшін DK=(0,04÷0,56); кедір-бұдыр үшін DK=(0,08÷0,1).

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (376.6 Kb)   docx (296.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club