Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тау кенді ортаның физика-геологиялық сипаттамасы

Автор:   •  Октябрь 7, 2018  •  Лекция  •  903 Слов (4 Страниц)  •  939 Просмотры

Страница 1 из 4

№ 4 дәріс. Тау кенді ортаның физика-геологиялық сипаттамасы

Физика-геологиялық факторлар ретінде берілген процестің өту шарттары немесе сол процесті қозғалтушы күштер қабылданады. Кен орынын ФХГ әдістерімен әзірлеудің табысты болуы физика-геологиялық факторларға тәуелді болады. Олар ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді.

Ішкі факторлар химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының қозғалыстағы күйді беру қабілеттілігін анықтайды.

Сыртқы факторларға физика-геологиялық ортаның параметрлерін жатқызамыз (мысалы, Т, Р, рН, Еһ). Әрбір кен орыны үшін, өндіру процесінің экономикасына әртүрлі дәрежеде әсер ететін факторлар айқындалады.

Өндіру процесінің параметрлеріне келесі физика-геологиялық факторлар әсер етеді: шоғырлар мен жанас жыныстардың химия-минералогиялық құрамы олардың жұмысшы агенттермен (еріткішпен, жылутасығышпен, тотықтырғышпен, т.б.) өзара әрекеттесу сипатын анықтайды; шоғырдағы пайдалы компоненттің мөлшері теңдей жағдайларда өндіру әдісінің тиімділігін анықтайды; шоғырлар мен жанас жыныстардың механикалық қасиеттері бірқатар жағдайларда пайдалы қазбаны қозғалысты күйге келтіру мүмкіндігін анықтайды; жерасты сулардың химиялық құрамы, тығыздығы және тұтқырлығы шоғыр бойынша жұмысшы агентті таралу жылдамдығы мен сипатын айқындайды; шоғырдың кеуектілігі, текстурасы және құрылымы жұмысшы агенттің пайдалы қазбаға жете алу дәреженсін анықтайды; бұдан өзге т.б. табиғи факторлар әсер ете алады.        

ФХГ әдістерін қолдану үшін физика-геологиялық ортаға бірқатар талаптар қойылады:

1) пайдалы қазбалар сапасы – өнеркәсіптік мөлшерінің минимал болуы (ол дәстүрлі жерасты немесе ашық өндіру кезіндегіден едәуір төмен), пайдалы компонентті өнеркәсіптік бөліп алу шамасы төмен (бұл жерде дәстүрлі қазып алу кезіндегіден бөліп алу дәрежесі бірқатар жоғары), тау массивінің өткізгіштігі және т.б.;

2) шоғырдың тау-кен-геологиялық жағдайы – шоғырдың максимал тереңдігі (ұңғыны жер беттігінен бұрғылау мүмкіндігі), тау жынысының физикалық қасиеттері, шоғырдың минимал қуаты (ұңғыны бұрғылау дәлдігін анықтайды), гидрогеологиялық жағдайлар, қаттың құлау бұрышы, тектоникалық бұзылыс, біртексіздік дәрежесі, көрсеткіштердің өзгермелілігі ашылу дәрежесі, қоректену мен шығарылу контурына дейінгі қашықтық, т.б.

ФХГ әдістерінің айқындалған талаптары негізінде кондиция  (сапашарт) анықталады. Кондиция баланстағы және баланстан тыс қорларды бөліп көрсету, контурлау және есептеу үшін қызмет атқарады. Кейбір ГФХӘ үшін кондицияны анықтау кезінде қаттың өнімділігі ұғымын қолданған ыңғайлы болады, яғни 1 м2 ауданнан пайдалы компонетті бөліп алу мүмкіндігі.

Өндіру әдістері туралы шешім қабылдау үшін кен орынының шоғырлануының жағдайлары мен тау-кен орта туралы мәліметтер жинау қажет. Мұндай мәліметтерге мысал 11 және 12 кестеде келтірілген.

11 кесте. Тау-кен ортаның  сипаттамасы және оны зерттеу әдістері

Кенді дене мен жанас жыныстар сипаттамасы

Анықтау әдісі

Күйі: шоғырдың орналасу жағдайы, қуаттылығы, сусыздануы, массивтің тұрақтылығы

Барлау ұңғыларын бұрғылау, гидрогеологиялық және геофизикалық зерттеулер

Құрамы: минералдық, химиялық, түйірлік, жерасты сулардың құрамы мен рН

Зертханалық зерттеулер

Қасиеттері: өткізгіштік, жуылу қасиеті, тұтқырлық, илемділік, ылғалдану, ылғалсыйымдылық, ылғалберу, морттық, мықтылық, Юнга модулі

Табиғи  және зертханалық зерттеулер

Пайдалы қазбалар мен жанас жыныстардың біртексіздігі ауданы бойынша да, тік бойлығы бойынша да зертханалық әдістермен өткізгіштікті, ылғалберуді, сүзілу және басқа  қасиеттерді сенімді бағалауға мүмкіндік бермейді. Бұл қасиеттер жерасты технологияға өте үлкен әсер етеді, сондықтан оларды табиғи зерттеулермен қайта тексеру міндетті түрде орындалуы қажет.

Тау-кен массивінің гидравликалық қасиеттерін зерттеу кезінде ортаның кеуектілігін және өткізгіштігін бағалауға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін табиғи зерттеу жағдайларында ұңғыларда табиғи жағдайларда суды тәжірибелік айдау және соруды жүргізеді.

...

Скачать:   txt (14.5 Kb)   pdf (151.3 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club