Ауаның орта массалық изобаралық жылусыйымдылығын анықтау
Автор: Мадина Сагатбекова • Сентябрь 29, 2021 • Лабораторная работа • 1,248 Слов (5 Страниц) • 513 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
5В072300 – ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА
мамандығы ушін
ЖЫЛУДИНАМИКА ЖӘНЕ ЖЫЛУМАСААЛМАСУ ПӘНІНЕН
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ
Семей
Шалаганова А.Н. 5В072300 «Техникалық физика» мамандығы ушін «Жылудинамика және жылумасаалмасу» пәнінен зертханалық практикум – Семей, Шәкәрім атындағы СМУ, 2011. – б.
Модул 1. Техникалық жылудинамика
Зертханалық жұмыс 1
(2 сағат)
Тақырыбы. Ауаның орта массалық изобаралық жылусыйымдылығын анықтау
Жұмыс мақсаты. Ауаның орта массалық изобаралық жылусыйымдылығын анықтау
1 ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР
Дененің температурасын бір келвинге өзгерту үшін, берілген немесе одан алынатын жылу мөлшерін жылу сыйымдылық деп атаймыз.
Жылу сыйымдылығының зат мөлшеріне қатынасын меншікті жылу сыйымдылық деп атаймыз.
Меншікті жылу сыйымдылығының мынадай түрлері бар:
массалық [pic 1], Дж/(кг⋅К);
көлемдік [pic 2], Дж/(м3⋅К);
молдік [pic 3], Дж/(кмоль⋅К).
Олардың арасындағы байланыс мынадай:
С = μС/ μ, С1 = μС/22,4 | (1) |
Жылу сыйымдылығы жылудың берілу немесе алыну процесс түріне тәуелді болады. Тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылығы – изобаралық СР деп, тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылығы – изохоралық CV деп ажыратады. Бұл жылу сыйымдылықтарын Майер теңдеуі байланыстырады:
[pic 4], | (2) |
мұндағы-R –газ тұрақтысы, Дж/(кг⋅К)
Техникалық термодинамикада жылусыйымдылықтардың қатынасы адиабата көрсеткіші деп аталады (Пуассон коэффициенті).
[pic 5]. | (3) |
Изохоралық процесте берілетін жылу тек газдың ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады, ал изобаралық процесте ол жылу жұмыс жасау үшін де жұмсалады, содықтан үнемі CP > CV. Идеал газдың жылу сыйымдылығы температураға тәуелді болатындықтан, ақиқат және орташа жылу сыйымдылықтарын ажыратады.
Температураның шексіз аз өзгеруіне сәйкес келетін жылусыйымдылықты нақты жылусыйымдылық деп атайды.
[pic 6]. | (4) |
Температраның t1-ден t2-ге өзгеруіне сәйкес жылусыйымдылықты орташа жылусыйымдылық [pic 7] деп атайды.
[pic 8], | (5) |
Егер жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігін ескермесек (яғни С=const), онда мольдік жылу сыйымдылықтары мөлшермен тең:
1 кесте
Газдар | μCV | μCP | k |
кДж/(кмоль∙К) | |||
Бір атомдық | 12.56 | 20.93 | 1.67 |
Екі атомдық | 20.93 | 29.31 | 1.4 |
Үш және көп атомдық | 29.31 | 27.68 | 1.29 |
Нақты газдардың жылу сыйымдылығы қысым мен температураға тәуелді. Ақиқат жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігін мына түрдегі интерполяциялық формуламен анықтаймыз:
...