Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пісіру қосылысы мен жігін өткізбеушілікке тексеру

Автор:   •  Февраль 28, 2024  •  Лекция  •  348 Слов (2 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 2

Сабақтың тақырыбы: Пісіру қосылысы мен жігін өткізбеушілікке тексеру

Дәнекерлеу қосылысының жоғары сапасын және сенімділігін қамту үшін үйлесімді тексеру қажет.

Сапасын тексеру технологиялық процестің  барлық кезеңінде жүзеге асырылуы керек, осымен байланысты үш түрге бөлінеді:

  • алдын –ала тексеру;
  • жұмыс кезінде тексеру;
  • дәнекерлеу қосылысы дайын болғаннан кейін.

Алдын-ала тексеру кезеңінде пісіру материалдарын (электродтар, флюстер, газдар және пісіру сымдары), сонымен қатар пісіру және басқа жабдықтарды ( өлшеу-тексеру, айлабұйымдар, құралдар) тексереді.

Сонымен қатар осы кезеңде дәнекерлеушілердің, осы салада қызмет атқаратын қызметкерлердің біліктілігін тексереді.

Жұмыс кезінде тексеру кезеңінде  тетіктің пісіруге дайындығын, пісіру режимінің және жіктің дұрыс салынғанын тексереді. Сонымен қатар жабдықтың күйін, қосымша материалдың сапасын және өлшеу-тексеру құралының  ақаулығын қадағалайды.

Дайын бұйымды тексеруде пісіру процесінде немесе пісіргеннен кейін жылумен өңделгенін тексереді.

Пісіру жігінің сапасын тексеру әдісін негізгі екі топқа бөледі:

1) бұзып тексеру – үлгіні бұзу арқылы тексеру;

2) бұзбай тексеру –дәнекерлеу қосылысын қатардан шығармай тексеру.

Бұзып тексеруді іс жүзінде көп қолданбауға тырысады. Екі топта стандарт бойынша ұсынылған, тексерудің бірнеше түріне қолданылады.

Тексерудің негізгі түріне жатады: сырттай тексеру, ультрадыбысты тексеру, жіктің өткізбеушілігін тексеру.

Әртүрлі газдар мен сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау үшін арналған пісірілген бұйымдарды өткізбеушілікке тексереді. Пісіру жігін өткізбеушілікке тексеру аммиакпен, керосинмен, гидравликалық және пневматикалық сынақтың көмегімен, вакуумдеу әдісімен, сонымен қатар газэлектрлі ағысты іздегішпен жүргізеді.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (63 Kb)   docx (191.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club