Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мыс штейіндерін конвертрлеу процесі

Автор:   •  Февраль 15, 2024  •  Курсовая работа  •  8,752 Слов (36 Страниц)  •  128 Просмотры

Страница 1 из 36

Тұжырым

Берілген курстық жұмыс 34 беттен, 2 суреттен, 8 кестеден, 13 пайдаланған әдебиеттен тұрады.

Курстық жұмыста мыс кендерін балқытудың кез-келген түрінде (тотықсыздандырудан басқасында) мысты, бағалы металдарды және басқа да бірқатар элементтердің штейндегі концентрациялануы жүреді, олар балқыту пештерінен сұйық түрінде бөлініп шығады. Мыс штейнді одан әрмен қайта өңдеудің мақсаты одан алғашқы мысты алу болып табылады. Бұл жағдайда бұл жерде барлық алтын және күміс, бір бөлігінде сирек кездесетін элементтер де концентрацияланады.

Бұл тапсырманы орындау қазіргі уақытта темірді және  күкіртті балқыған штейн қабаты арқылы ауамен үрлеп тотықтандыру, оны оттегімен байыту жолымен шешімін табады. Бұл процессті «конверсиялау» деп атайды. Штейнді үрлеу темір тотығын шлакқа айналдырумен, ал SO2-ні газға айналдырумен жалғасады.

Жұмыстың мақсаты: %:  20% Сu, 24.%S, 48.7%Fe, 6.4%O2-сі бар штейнді үрлеуді есептеп шығару талап етіледі.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, ұсынылған технологиялық сызбадан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

[pic 1]

Мазмұны

Тұжырым

Мазмұны

Нормативтік белгілер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

Кіріспе

8

1 Негізгім бөлім

9

1.1 Тақырып бойынша аналитикалық шолу

11

1.1.1 Мыс штейндерін конверсиялау процессі.

11

1.1.2 Конвертерге жалпы сипаттама

15

1.1.3 Конверсиялау процесінің технологиясы

19

1.2 Мыс штейндерді конверсиялаудың тиімді әдістері

23

2. Есептеу бөлімі

25

2.1 Шикізаттар бойынша есептеулер

25

2.2 Қондырғылар бойынша есептеулер

27

3. Ұсынылатын технологиялық сызба

32

Қорытынды

33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

34

[pic 2]

Нормативтік белгілер

Бұл курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер жасалған.

СМЖ ОҚМУ ПР 4.02-2015 «Ұйымға, мазмұнға және сабақты өткізуге жалпы талаптар».

МЕСТ 7.1-2003 Кітапханалық, баспа және ақпараттық жұмыстар бойынша стандарттар жүйесі.

МЕСТ 3.301 стандарты форматы МЕСТ 2.104 негізі жазуы бойынша графикалық құжаттар орындалу керек.

7.0-99 МЕСТ. Ақпараттар, кітапханалар және баспа жұмыстары  туралы   стандарттар жүйесі. Ақпараттық-кітапханалық және әдебиеттер қызметі. Терминдер және анықтамалар.

7.82-2001 МЕСТ. Ақпараттар,  кітапханалар және баспа  жұмыстары  туралы   стандарттар жүйесі. Әдеби  баспа. Электронды қорлардың  әдеби   сипаттамасы. Жұмыстың құрылымының  жалпы ережесі мен  талаптары.  

[pic 3]

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар мен терминдер қолданылады:

Конверсиялау процессі – мыстың пирометаллургиялық өндірісіндегі негізгі технологиялық процесстердің бірі болып табылады.

Металдар – кристалдық тордағы атом ядроларымен байланыспаған қозғалмалы өткізгіштік электрондардың үлкен санымен себептелген әдеттегідей жағдайларда жоғары электр- және жылуөткізгіштігімен, созымдылығымен, металдық жылтырауымен және басқа да қасиеттермен сипатталатын заттар.

...

Скачать:   txt (109.6 Kb)   pdf (290 Kb)   docx (618 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club