Саяси модернизация моделінің негізгі факторлары мен танудың жағдайы
Автор: nurshhh • Ноябрь 12, 2020 • Эссе • 609 Слов (3 Страниц) • 2,537 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университеті
«Туризм және тілдер» факультеті
«Халықаралық қатынастар және туизм» кафедрасы
ОБӨЖ№2
Тақырыбы: Саяси модернизация моделінің негізгі факторлары мен танудың жағдайы(эссе)
Орындаған: Кулмаганбетова Н; Узбекбай Ж; Аманғалиева Б; Рысбек Н; Толегенов С
Тобы: Мат-20-1
Пәні: Саясаттану
Тексерген: Берикбосынова Марина Усембаевна
Ақтау-2020ж.
«Саяси модернизация моделінің негізігі факторлары мен оны таңдаудың жағдайы»
Саяси модернизация теориясы , басқаша айтқанда , саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50- жылдарында айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға , жаңа жағдайларға бейімделу үдерістерін , мемлекетік жүйе мен қоғамды өзгертуге себеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттейді . Бұл теорияның басты белгісі - универсаналдық, яғни , қоғам дамуына барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы процесс ретінде қарастыру.
Енді Қазақстандағы саяси модернизацияға келейік. Біз осы тәулелсіз, унитарлы мемлекетке жеткенше бірнеше кезеңнен өттік . Ия, расындада біздің билік кезең хандық дәуірден басталады. Ең алғаш хандық билік, патша, оның кеңесшілері, әскери тап сынды маңызды әлеуметтік топтармен басталды.Маңызды шешім қабылдайтын ел басшысы болса оны кеңесшілері қолдайтын еді Сонымен қатар сол кезден сот кеңесі қалыптасқан болатын. Уақыттың жылжуымен заман талабына сай одан кейін Кеңес Одағына қосылдық. Ол кезде қазіргідей қоғамның енді қанат жайып келе жатқан кезі еді. КСРО кезеңінде көп нәрседе шектеу болды. Адам үкіметке бағынышты болды, тұлға еркіндігі болмады. Нақты мәліметтерге сүйенсек, Сталин, Горбачев сынды тұлғалардың кезеңінде дін еркіндігі,тіл еркіндігі мүлде орын алған жоқ.Бірақ қоғамда өзгеріс орнап, модернизация десек қателеспеспіз заман талабына сай зауыттар, фабрикалар бой түзеді . Бұл саясаттан шаршаған ұлт зиялылыары оған қарсы әрекеттенгенінде білеміз. Ия, біртіндеп олардың көзін құртты, бірақ бұл іс аяқсыз қалған емес.Қазақ мемлекетінің басшысы етіп Жоғары кеңес Н.Әбішұлы Назарбаевты сайлаған болатын. Елбасымыз жұмыстана келе Кеңес Одағынан бізді тәуелсіз ел етіп шығарды Ең алдымен 1991 жылдың 1 желтоқсанында Н.Әбішұлы.Назарбаев қазақ мемлекетінің тұңғыш Президенті болып сайланды. Екінші жетістігіміз 1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР- атауы толыққанды Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Үшінші жетістігіміз, 1991 жылдың 16 желтоқсанында « Казақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Міне осы жетістіктерді «саяси модернизация» деп атасақ болар . Яғни заман талабына сай қоғамға саяси өзгерістер енгізу. Қазақстан Республикасы мұнымен шектіліп қоймай 1993 жылы өзінің алғашқы конституциясын қабылдады сонымен қатар өзінің валютасы теңгені айналысқа енгізді. Ол конституцияны қайта қарап, 1995 жылы жаңа конституцияны қабылдады. Әрине қазақ халқы бұл тұрғыда өзгерістерге қатты абдырап қалды. Өте тез өтіп жатқан өзгерістерді көпке дейін қабылдай алмай жүрді. Жаңа конституция қабылданғаннан кейін біршама лауазымдар белгіленді. Ел басшысы- Президент болды . Одан кейін заң шығарушы билік , сосын сот билігі орналасты . Елбасы жаңа саясат жүргізу арқылы елімізге көптеген өзгерістер әкелді . Білім,ғылым , адамдардың ой өрісі дамыды . Бұл әрине заман талабына қарай ығысудың жарқын бастамасы еді. Қазіргі таңда мемлекетіміз біраз алға жылжыды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы , « Қазақстан -2020» , « Дипломмен ауылға» бағдарламалары құрылды. Бұл жобалар өз ретімен орындалуда. Қазіргі таңда мемлекетіміз ТМД сынды беделді ұйымдардың құрамында. Жәнеде қойнауындағы қазба байлықтары арқылы халық қажеттіліктерін өтеуде. Жалпы саяси модернизацияға жаһандану үрдісінде жатқызуға болады. Жаһандану мемлекеттердің бір арнада саяси дамуы. Ғылым,білімді жетілдіру, жаңа технологияларды дамыту мұның барлығы заман ағымына байланысты қарастырылып жатқан іс-әрекеттер.
...