Логистика негізі және оның қажеттілігі
Автор: bekzhanova82 • Октябрь 21, 2021 • Лекция • 3,538 Слов (15 Страниц) • 560 Просмотры
1 Дәріс. Логистика негізі және оның қажеттілігі
Логистиканың даму тарихы
Логистика негіздері мен түсініктері
Логистика түсінігінің пайда болуының өзіндік тарихы бар. Семантика (сөздіктік мағына) өз бастауын Ежелгі Грециядан алады, ол жерде «logistic» сөзі есептік өнер немесе «талдау, есептеу өнері» деген мағынаны білдіреді.
Рим империясы кезінде – ақ тағам үйлестірумен айналысатын «логист» деген қызмекерлер болды. Бірінші мыңжылдықта, әсіресе Византия императоры Лев VI басқаруы кезінде, армия және оның басқаруын қормен қамтамасыз ету, сонымен қатар соғыстық жорыққа дайындау – логистикамен анықталды.
Әскери істің арқасында логистика ғылымға өзгерді. XX ғасырдың басында француз әскери маманы Барон А. А.Жомини логистика жайлы алғашқы ғылыми еңбектердің авторы болды, ол логистиканы – қорларды, тасымалды, әскерді жабдықтауды жоспарлауды басқаратын ғылым ретінде көрсетті.
Логистиканың кейбір принциптері Наполеон армиясымен қолданылса да, ол әскери ғылым ретінде тек XIX ғасырдың ортасында қалыптасты.
Логистика Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде кеңінен таралды, әсіресе, АҚШ армиясын әскери қимыл кезінде европалық театрда материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету кезінде, бұл жүйелі түрде және нақты уақыт аралығында Америка армиясын қарумен, тағаммен, қажетті құралдармен керек мөлшерде қамтамасыз етіп тұруға көмектесті.
АҚШ және КСРО елдерінде тәжірибелік түрде қолдануымен қатар, әскери логистика теориясы дами бастады, ал ол өз кезегіне логистиканы әскерді материалдық – техникалық қамтуды басқарудың жоспарлауы жайлы ғылым ретінде көрсетті.
«Логистика» терминінің екінші трактовкасы математикалық логика мағынасында Г. Лейбница (1646 – 1716 ж) жұмыстарында қолданылды.
Біртіндеп, логистиканың түсінігі мен әдістері әскери кеңістіктен азаматтық кеңістікке ауыса бастады, басында материалдық ағындардың жылжуын басқарудағы жаңа ғылыми бағыт ретінде, артынан өндірісте де.
Логистика ғылым және бизнес құралы ретінде 1950 – жылдардан бастап дами бастады.
Логистика эволюциясы – тарихпен және индустриалды - дамыған мемлекеттердегі нарықтық қатынастар эволюциясымен тығыз байланысты, ал «логистика» терминінің өзі бизнесте 1970 – жылдардың соңынан тұрақталып қолдана бастады.
Логистикалық бағыттың пайда болуының тарихы.
Логистка түсінігінің ежелден келе жатқан тарихы бар. «Логистика» сөзі грек тілінен пайда болған. Ежелгі Афинада - «логист» атты арнайы лауазым болды, олар жыл сайын тағайындалып, шенеуніктердің есебін тексерумен айналысты. Ежелгі Римде өкілдік және діни қызметтерді атқаран шенеуніктер логист деп аталды. Византия императоры Лев VI (866 – 912 ж) басқаруы кезінде, армияны және оның басқаруын қамтамасыз ету өнері ретінде танылды. Неміс зеттеушісі профессор Г. Павеллак атап өткендей, Византия империясында «әскерге ақы төлеу, оны қажет қарумен қамтамасыз ету, барлық қажеттіліктерін уақытында өтеп беру, әскери күштердің жылжуын және үлестірілуін басқару» логистиканың негізгі қызметі болды.
«Логистика» сөзі европа тілдерінің барлығында болғанымен әр түрлі мағына білдіреді. «Логистика» терминін өз еңбектерінде атақты ғалымдар, әскербасылар, философтар қолданды. Мысалы атақты неміс математигі Г.В. Лейбниц (1646-1716) бұл терминді «математикалық логика» мағынасында қолданды. XIX ғасырда бұл терминді 1813 жылдан бастап Ресейде істеген, Александр I штабында болған, негізінде швейцариялық болып келетін Антуан – Анри – Жомини (1779 – 1869) қолданды. Ол Николай I әскери кеңесшісі болып, Санкт – Петербургтегі әскери академияның негізін қалаушы болды (1828). Жомини логистиканы жоспарлау, басқару және жабдықтаумен, әскер орындарын анықтаумен, әскерді транспорттыққамтамасыз етумен айналысатын әскерді басқарудың тәжірибелік өнері ретінде көрсетті.
...