Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчёт по практике в "Меруерт"

Автор:   •  Май 28, 2023  •  Отчет по практике  •  888 Слов (4 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 4

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................... 3

Кәсіпорынға мінездеме.......................................................................................... 4

Кәсіпорынның өндірістік сипаттамасы................................................................ 6

Кәсіпорында аспаздық өнімдерді дайындау ерекшеліктері............................... 7

Қорытынды............................................................................................................10

Кіріспе

22.11.2022-09.04.2023 жыл аралығында Көкшетау қаласының «Меруерт» тойханасында өндірістік практикадан өттім. Практика жетекшісі болып бас аспаз –Тоқтаубек Сана тағайындалды.

Ең алдымен, жетекшімен танысып, техникалық қауіпсіздік ержесімен және санитарлық-гигиеналық талаптармен танысқаным жайлы құжатқа қол қойдым. Және «Меруерт» тойханасы жайында толық мәлімет алып, кәсіпорынның жетістіктері жайлы білдім. Мейрамхана ішін аралап,технологиялық жабдықтармен таныстым.

Теориялық жағынан білгенімді практика жүзінде іске асыру мүмкіндігіне ие болдым. Практика жетекшісінің нұсқауы бойынша бастапқы күндері кухняда жеңіл жұмыстар атқарып, кейіннен бас аспазбен бірге күрделі тамақ өнімдерін жасау әдістерін меңгердім. Өндірістік практикада негізінен алынған теориялық білімді іс жүзінде игеру ең басты мақсат болғандықтан, негізгі тамақ түрлерімен танысып, мамандық бойынша білімімді шыңдап, шаруашылықтық заттардан дайын өнім алу технологиясымен тереңірек танысып, тағам өнімдерінің сапасымен, оларды дұрыс сақтау, өнімді бұзбай жеткізу, т.б. шаралар жүргізілді.

Тойхана асханасы 200-500 адамға арналған. Сол себепті теориялық білімнің тәжірибеде үлкен рөл атқаратынын түсіндім. Бас аспаз және оның командасы болып рецепт түрлері мен ас мәзірінің дұрыс құрылу технологиясына аса назар аудардық.

Тамақ дайындау барысында өнімнің химиялық құрамын, оның адам организміне әсерін, пайдасы не болмаса зияны жөнінде, тамақ дайындаудаудағы қыр-сырын білу маңызды болмақ. Осы арқылы тамақтану технологиясын игеруді басты мақсат тұттым.

Кәсіпорынға мінездеме

«Меруерт» тойханасы Көкшетау қаласы Әуезов көшесі 189в үйде орналасқан.

Жұмыс уақыты 10: 00-00: 00 дейін демалыссыз жұмыс жасайды.

Орын саны 200-500 адамға есептелген. Ас мәзірі шығыс аспаздары мен еуропалық тағамдар.

Орташа есепшот 6500-8500 тг.

Тойханада рұқсат етіледі алкоголь, алкогольсіз сусындар, жемістер, десерттер.

Ерекшеліктері: билеуге арналған орын, темекі шегуге арналған аймақ

Қосымша қызметтері: дыбыс, жарық, залды безендіру

Тойхана МЕРУЕРТ әрдайым қонақтарға қуанышты! Барлық түрдегі банкеттер, туған күндер, үйлену тойлары, қалжа, құдалық және тағы басқа той томалақтар өткізеді.

МЕРУЕРТ мейрамханасында 2 зал бар (500 және 200 адамға). Мерекелерді жоғары деңгейде өткізу үшін бәрі қарастырылған. Дәмді тағамдар, сыпайы қызметкерлер, сәнді зал және мерекелік атмосфера.

1 сурет. Меруерт тойханасының залы

2 сурет. Жайылған дастархан (2-стол шай)

3 сурет. Жайылған дастархан (1-стол)

Кәсіпорынның өндірістік сипаттамасы.

Кәсіпорында бірнеше өндірістік цехтар бар: дайындау цехы, суық цех, ыстық цех.

Дайындау-әмбебап цех жартылай фабрикаттар, ет, балық өңдеу және ұн өнімдерін дайындау секторларына бөлінеді.

Ыстық цех-тамақ дайындаудың технологиялық процесі аяқталатын

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (51 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club