Әйелдер арасындағы қылмыстылық
Автор: Naz_sakenqyzy • Декабрь 12, 2023 • Контрольная работа • 2,070 Слов (9 Страниц) • 150 Просмотры
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
[pic 1]
БӨЖ
Пән атауы: Криминология
Тақырыбы: Әйелдер арасындағы қылмыстылық
Тобы: ЗҚТ-011F
Білімгер: Асқаров А
Оқытушы: Мергенбаев Е.
Түркістан, 2023 жыл
Жоспары:
- Қазақстандағы әйелдер арасындағы қылмыстылықтың зерттеу кезеңі және ретроспективті бағасы
- Әйелдер қылмыстылығының күйі, құрылымы мен өсу жағдайы
- Әйелдер арасындағы қылмыстылықтың себептік-факторлық кешені
- Пайдаланылған әдебиеттер
Әйелдер арасындағы қылмыстылық – бұл жекеленген адамдардың жай драмасы емес, ол қоғам дамуының қасіреті, адамдардың сыпайылық, адамгершілік, жалпы рухани құндылықтардан біртіндеп арылуы. Үстіміздегі ғасыр келешекте нәзіктік сынды құндылықтан біржолата айырылу қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл да әлеуметтік жағдай мен өмір сүру дағдысының, әйелдердің қоғамдағы рольдерінің, қылмыстық жүріс-тұрыстың сипаты мен әдісінің өзгеріске ұшырауы себепті болар. Сонда да әйел мәдениетінің төмендеуі бүгінде ащы шындыққа айналғаны қашан. Әйелдер арасындағы қылмыстылық – мейрімділіктің қатыгездікке, сүйіспеншіліктің өшпенділікке, шыдамдылықтың агрессияшылдыққа, тазалық пен адалдықтың пайдакүнемдікке трансформациялануының нысаны. Бұл – атаққұмарлық, қолайлылық үшін аналық сезімді құрбандыққа шалудың нәтижесі. Қылмыстылықтың дербес түрі әйел қылмыстылығын зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алды және оны Ламбер Адольф Жак Кетле (1796-1874) мен Чезаре Ломброзо (1836-1909) есімдерімен байланыстыруға болады. Итальян ғалымы тумысынан жезөкше мен әйел-қылмыскерлерді мінездегенде (олардың арасында айырмашылықты көрмейді) қаралауға сараңдық танытпайды. Оларды қаталдық, ер мінезділік, аналық сезімнің жоқтығы, кекшілдік, себепсіз айналасындағыларға өшпенділік, сараңдық, әшекейлерге құштарлық, нәпсіқұмарлық, арсыздық, өзгенің меншігін қадірлемеу сынды қасиеттермен сипаттай отырып, «өмірдің түрлі жағдайларында кездейсоқ әйел-қылмыскерлер әрбір әйелге тән және жай кезде де олардың бойларында жасырын жататын рухани азғындығы тұрғысынан көрінеді», дегенге келтіреді. Әйел қылмыстылығының бір ерекшелігі әйелге қатысты криминалды үрдістердің спецификасында – ер адамдар үшін қалыпты жағдай болып есептелінетін іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық тиымның салынуы, немесе бүгінде сол іс-әрекеттерге қылмыстық сипат берудің ақылға қонымсыздығы. Мысалы, Таитиде, әйелдердің қару-жарақ ұстауы қылмыс болып есептелінген. Маркиз аралында әйелдердің кемеге немесе қайыққа отыруы қылмыс деп танылған. Көне иудейде ажалдан қорқып, әйелдерге ер адамның киімін киюге тиым салған (олар, сірә, осыдан әйел нәзіктігінен айрылады деп қорыққан). Бірнеше елдерде ерлер үшін көп әйел алушылық қалыпты жағдай бола тұра, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы ең ауыр қылмыс деп есептелінген. Орта ғасырдағы Еуропада жүздеген мың әйел адамдар қылмыскерлер болып есептелінген, сиқыршылықтары және таза күштерді ұстанбағандары үшін отқа күйдірілген. Криминализациялаудың әлеуметтік механизмдеріндегі кемшіліктер мен қоғамдық санадағы ақаулар аталған қылмыстылықтың басты себебі болады. Бұл жағдайлар күні бүгінге дейін орын алуда. Мысалы, Маркиз аралының тұрғындары сынды әскери маряктар да кемеге әйел адамдардың келуін құптамайды. Жекеленген шетел зерттеушілері әйелдер қылмыстылығының себебін адамның биологиялық негізімен түсіндіреді: мысалы, хромосомалар аномалиясы немесе эндокринді бездердің функциялануындағы ерекшеліктермен. Әйелдердің агрессияшылдығын хромосомалар тобының аномалиясынан іздеуге тырысады. Қалыпты жағдайда әйелдердегі хромосомалар «ХХ» типтес, ал ерлерде – «ХУ» болуы керек. Биологиялық криминологтардың пікірінше, «ХХУ» хромосомасының кездесуі (әйел генінде ер адамның «У» типтес хромосомасының болуы) – әйелдің агрессияшылдығының басты себебі. Эндокриндік теорияның авторларының пайымдауынша, ішкі секреция бездерінің функциялануындағы аномалия агрессияшылдықтың қайнар көзі болады: агрессияшылдық пен жан күйзелісін тудыратын заттарды жоғары мөлшерде бөліп шығарады. Сонымен қатар, әйелдерге етеккір келетін кезде қанда тестестерон (біраз уақытқа дейін өз-өзін бақылаудың төмендеуіне және агрессияшылдықтың артуына әсер ететін зат) саны көбейеді. Бұл теориялар, әрине қызықты, алайда оны күні бүгінге дейін растайтын зерттеулер болған емес. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу нәтижелері химиялық және генетикалық криминология саласында ұсынылған гипотезаларды (болжамды) терістейді. Хромосомалардағы ауытушылық пайдакүнемдік емес, зорлық-зомбылықшыл қылмыстарды жасайтын адамдарда көп кездескен. Қылмыскерлер арасындағы дәл осындай ауытқушылықтары бар адамдардың үлесі қылмыс жасамаған адамдардың арасындағылармен тең келген. Мүмкін, әйелдер қылмыстарының аз бөлігі хромосомалар немесе эндокринді аномалиямен байланысты болар, бірақ та бұл басқа бір ережені растайтын ерекшелік. Әйелдер қылмыстылығына биологиялық нышандардың әсері бар, бірақ та тікелей емес. Әйелдердің табиғатындағы биологиялық ерекшеліктерге орай әлеуметтік орындары өзгеше, ал бұл өз кезегімен олардың жүріс-тұрысына, сонымен қатар қылмыстық әрекетіне де әсер етеді, деген ғалымдардың пікірі орынды. Қазақ тарихына көз жүгіртсек, нақты геосаяси аймақтағы әйелдер қылмыстылығының жайы ерекше сипатта болған.
...