Рецидивті қылмыстылық
Автор: Almas07 • Сентябрь 25, 2018 • Дипломная работа • 12,222 Слов (49 Страниц) • 1,385 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Қожахмет А.Қ. |
Рецидивті қылмыстылық |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС |
Мамандық: 5B030100 – «Құқықтану» |
Астана 2018 |
[pic 1]
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Рецидивті қылмыстылықтың жалпы түсінігі 9
1.1 Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың рецидивінің түсінігі 9
1.2 Қылмыстық құқықтағы рецидивтің түрлері 12
2 Рецидивті қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы 15
2.1 Рецидивті қылмыстылықтың түсінігі 15
2.2 Рецидивті қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары 18
2.3 Рецидивті қылмыстылықтың тәжрибелік мәселелері 28
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебеттер тізімі 43
Кіріспе
Мен өзімнің дипломдық жұмысыма тақырып ретінде рецидивті қылмыстылықты таңдадым. Осы жұмысымды жазу барысында рецидивті қылмыстылық түсінігі, оның түрлері, қылмыстық – құқықтық мәні және криминологиялық аспектілерін ашып түсіндіремін.
1995 жылғы тамыздың 30 күні бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіңдегі ерекше орын алатын негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Осы Қазақстан Республикасы Конституциясының ең бірінші бабында былай делінеді: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[1]. Қазақстан Республикасы өзін барлық азаматтардың құқықтарының теңдігі принцпіне негізделген құқықтық – демократиялық мемлекет ретінде тани отырып, өз шекарасы аумағындағы барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық бұзушылық жасағанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан, заңда көрсетілген барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді.
Қандайда болмасын мемлекет өз егемендігін алғаннан соң, оның ішкі жағдайын реттеп, басқару үшін өзінің конституциясын, ішкі – сыртқы саңдарын және нормативтік – құықтық актілерін қабылдайды. Ол мемлекеттің бірқалыпты өсіуін сақтай отырып, мемлекет ішілік қоғамдық жағдайды реттеп отыруға көмектеседі. Бірақ осы бірқалыптылықты бұзатын бірқатар жағымсыз факторлар да болады. Оған мысал ретінде елдің экономикалық жағдайының төмендігі, қағамның әлеуметтік-саяси және рухани даму деңгейінің төмендігі, құқықтық түзеу, құқықтық реттеу ахуалының әлсіздігі, қоғамдағы қылмыстылық деңгейінің төмендігі сынды бірқатар факторлар қоғам дамуына, оның тыныштығына кері әсерін тигізеді. Аталған факторлар бір – бірімен тығыз байланысты, дегенмен де олардың арасынан қылмыстылықты қоғам өміріне және оның дамуына ең бір жағымсыз әсер ететін құбылыс ретінде санаған жөн. Себебі, қылмыстылық конституциямызда атап көрсетілгендей, еліміздің ең басты байлығы – адам және азаматтардың мен денсаулығына тікелей қарсы бағытталған.
...