Бiлiм алушылар арасында сколиоздын алдын алу
Автор: Nursultan1999 • Апрель 22, 2019 • Реферат • 606 Слов (3 Страниц) • 917 Просмотры
БІЛІМ АЛУШЫЛАР АРАСЫНДА СКОЛИОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Махмудова Розалина Дилмуратқызы
Ғылымижетекшісі: Бердалиева Ляззат Сагаталиевна –аға оқытушы
"Астана медицина университеті" КеАҚ
Аннотация: Ғылыми жұмыста білім алушылар арасындағы сколиоздың таралуына жіті назар аударылған. Себебі, сколиоздың ауыр түрлері кезінде еңбек ету қабілетінің өмір сүру ұзақтығын азайтуға және мүгедектікке әкеп соқтыратын ағзаның маңызды жүйелеріндегі елеулі бұзылулардың пайда болуымен түсіндіріледі. Сколиоз- бұлшық ет жүктемесінің жеткіліксіздігінен, дұрыс емес позицияда дененің тұрақты болуы салдарынан дамиды. Сондықтан, бұл зерттеу жұмысы білім алушылар арасында жүре пайда болатын сколиоздың үлесін анықтап көрсетуге мүмкіндік береді.
Кілтсөздер:Сколиоз, омыртқа деформациясы, омыртқалық ауырсыну,
пассивті қозғалыс, мануалды терапия, сколиоз көріністері.
Кіріспе:Медициналық практикадағы өзекті мәселелердің бірі - сколиоз немесе омыртқаның қисаюы. Сколиоз-омыртқаның бүйірлік деформациясы, осы кезде омыртқа тік оське айналады. Ал оның алдын алу өте маңызды болып саналады.
Жұмыс мақсаты: Білім алушылар арасында сколиоздың таралу өрісін анықтау және осы аурудың алдын алу бойынша ұсыныстар жасау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу жүргізу үшін"Астана медицина университеті" КеАҚ білім алушылары зерттеудің негізгі нысаны (N=200) ретінде алынды, зерттеу әдісі сауалнама болып табылады.
Нәтижелері: "Астана медицина университеті" КеАҚ білім алушылары арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша келесі жауаптар қарастырылды: сколиоздың көп саны 17-21 жас аралығында байқалады. Зерттеуде сколиоздың 33% ерлерде , 67% әйелдерде бар екендігі анықталды. Ұсынылған жауаптарда көптеген білім алушыларда "Сколиоз" ауруы туралы түсінік бар екенін , сондай-ақ орындықтарда партада отырғанда дененің жағдайы 59% көлбеу жағдайда, 18% сүйеніп отыратыны белгілі болды, қалған 23% түзу отыратынын сипаттап жауап берген. " Омыртқаның бел бөлігіндегі ауырсыну сезімдері сізді мазалайды ма?" деген сұраққа респонденттердің арасында жауаптар былай бөлінді:"иә"-48%,"жоқ"-19%,"кейде"-33%. Сауалнамаға қатысқан білім алушылардың жартысында отырған сәтте мойын бөлімінде ауырсыну байқалады. Талдау көрсеткендей, біз зерттеген білім алушылардың 58% - ы 2-ден 4 сағатқа дейін пассивті демалыс өткізеді, 42%-ы демалысқа 2 сағаттай ғана уақыт бөледі. Респонденттердің басым бөлігі олардың жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылған деп жауап берді. Келесі сұраққа білім алушылардың 72%-ы омыртқадағы ауырсынудың мазалайтынын, қалған 28%-ы кейде мұндай мүмкін екендігін растайды.
Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде 1-3 курс студенттерінің сколиоз белгілері көп екені нақтыланды. 59% 1 курс, 30% 2 курс, 11% 3 курс студенттері екені анықталды. Одан әрі асқынуды алдын алу үшін бірнеше ережелерді сақтау қажет: салауатты өмір салтын ұстану және дене жүктемелеріне көңіл бөлу, белсенді демалуға уақыт табу, пайдалы заттарға бай азық-түлікпен тамақтануға тырысу.
Сколиозбен қыздар ер балаларға қарағанда 9 есе жиі зардап шегеді. Медициналық статистиканың мәліметтері бойынша жасөспірімдердің 10% - да омыртқа бағанасының қисаюы орын алады. Сондықтан ортопедтер сколиозды тірек-қимыл аппаратының барлық патологиясы арасында бірінші позициялардың біріне сенімді түрде қояды. Сколиозды емдеу өзара байланысты үш бөлімнен тұрады: омыртқаның қисайған бөлігін жұмылдыру, деформацияны түзету және қол жеткізілген түзету жағдайында омыртқаның тұрақтануын қадағалау. Омыртқаның деформациясын түзету үшін мануалды терапия әдісі өте тиімді. Сколиозды емдеуде емдік әсердің маңызды бұлшықеттерді қалпына келтіру болып табылады. Әрбір емделуші үшін арнайы жаттығуларды орындау жеке және сколиоздық көріністердің сипатына байланысты емдік нәтиже көрсетуге болады.
...