Мәселе шешудегі тележурналистиканың орнын көрсету
Автор: Nazerkel • Март 2, 2021 • Реферат • 583 Слов (3 Страниц) • 313 Просмотры
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы
«Кино және Теледидар» факультеті
«Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы
Баяндама
Пән: Қазақ телевидениесінің тарихы
Тақырыбы : Мәселе шешудегі тележурналистиканың орнын көрсету:
Орындаған: Қайратқызы Назерке
2 курс, «Режиссура телевизия» мамандығы
Тексерген: Ғайнижамал Абильдина
Алматы, 2021
Тележурналистика – бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. ХХІ ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы – адам баласының көзқарасына, ой- санасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Тележурналистика – рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі. Қазіргі таңдағы уақыт аясынан «ақпарат ғасыры» деген ұғымды иеленіп отырған кезеңде тележурналистиканың ақпарат кеңістігінен алатын орны айрықша.
Көрерменге экранда оқиғаны хабарлау кезінде фактілер мен теориялық тұжырымдар, салыстырулар мен дәлелдердің, көрнекі суреттердің мол болуы аудитория мен студия арасын жақындастыра түседі. Өйткені фактіні іріктеу, оны сөзбен суреттеу кезінде автордың тақырыпқа шын жетіктігі айқындалып, ашыла түседі. Көрермендер жылдар өткен сайын рухани жағынан өсіп- жетіліп, байыпты бола бастады. Журналист адаммен қарым-қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығады, өзінің ой-түйсігін тереңдетеді. «Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі, рухани әлемінді байытады. Маман ретінде басқа жұрттан ерекшелігіңді байқатады. Өзгелер аңғармағанды журналистің аңғаруына мүмкіндік береді»
Эфирдегі телехабардың берер тағылымы мол. Ұлттық діл, ұлттық сезім, ұлттық рух, ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық болмыс-бітім бойымызға ананың сүтімен, әженің тілімен, ата-бабамыздың салт-дәстүрімен қалыптасса, соны дүние жүзі халықтарына бар артықшылығымен танытуда телеэкранның атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Аға ұрпақтың өкілдері атасы мен әжесінің аңыз-ертегілерін тыңдап, олардың сөз саптау, ой құрау мәнерін көріп, таза қазақы ортада өсті. Ал соңғы кездері ұлттық орта қалалық жерлерде жоқ деуге болады. Осы тұрғыдан, жас ұрпақтың мәңгүрттену бағдарының одан әрі жалғасуын тоқтату, оларды халқымыздың рухани дүниетаным негіздерінен ажырап қалмау ісінде ақпарат құралдарының, соның ішінде теледидардың атқарар рөлі зор. Теледидар кеше де, бүгін де шын мәніндегі «тәрбиешіге» айналып отыр. Тек жастарымыздың ғана емес, ол күллі елдің тәрбиешісі болуда. Ақпарат құралдары арқылы халық санасына кез келген идеяны сіңіруге болатындығы дүниежүзілік тәжірибеде толық дәлелденді. Демек, қазақ халқының ұлттық қайта жаңғыруы, оның бірігуі, ұйысуы, мемлекеттігін нығайтуы сияқты аса күрделі құбылыстар ақпарат құралдары арқылы жете түсіндірілгені орынды. Осы бағытта теледидарға жүктелер мәдени-рухани шаралар ұшан-теңіз. Бүгінгі жас балдырған ертең еліміздің тұтқасын ұстайтын азамат болады.
...