Журналистика әлемді қалай өзгертеді?
Автор: Aiymzhan05 • Октябрь 13, 2021 • Эссе • 809 Слов (4 Страниц) • 237 Просмотры
Журналистика әлемді қалай өзгертеді?
"Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың қажеті жоқ. Жанашыр, табанды, тынымсыз әрекет қажет!"
Шерхан Мұртаза
Ұйымдастырушылық. Әдеби өңдеу. Шығармашылық. Тапқырлық пен сенімділік, уақыт ағымын түсіну, идеяға толы материалдар, жұрт назарын аударту - "қоғамдық қайраткерлер"-ге тән дүниелер. Бұл қайраткерлерді "дүниеге әкелетін" - Журналистика ортасы.
Журналист - шынайы теңдік пен сөз бостандығы үшін күресетін, керек кезде мақтап, керегінде сынауға да құқықты мамандар. Олардың сөздері қазіргі жастарды дұрыс жолға қояр, жақсылық үшін бағдаршам болумен қатар, ұмытылып бара жатқан құндылықтар мен қазақы ар-намысты ояту керек. Халық өміріндегі жаңа жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар, осының бәрін билік басына айнадай қып жеткізуде журналисттің міндетінде.
Қандай адам болмасын үнемі алыс-жақыннан ақпарат алмай, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Дүбірлі дүниенің шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттарды, өз еліміздің әр өңірінде елең еткізерлік хабарларды, тарихи танымдық шығармаларды, әлеуметтік-саяси ой толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары боп саналатын таным-дүниелерді жеткізіп отыратын бірден-бір маман болса, ол - Журналист. Демек, журналистиканың әлемді өзгерткен бір тұсы-Жер ғаламшарының бір түбіндегі жаңалықтарды, екінші бір түкпіріне жіберуі, адамдарды әртүрлі саладағы ақпараттармен қамтып отыруы, олардың шындыққа көзін ашып, шыққан жаңалықтың ағы мен қарасын аңғарта білуінде.
Журналистика негізінде өзара көптеген салалар бар: телевизия, баспа сөз, радио және осы тұрғыда пайда болған-блогерлік сала. Блогер-блог жүргізетін адам. Қаламына немесе камерасына "өзі қожа, өзі би". Жеке бір тақырыпта, өзектілік тудырған тақырыптарда, өзінің күнделікті өміріндегі жайттардан блог жазатын немесе камерасын қосып, ауызша түрде жеткізетін жандар. Қазіргі таңда блогерлік әлемдік тұрғыда да, Қазақстан бойынша да белең алу үстінде. Блогерлік түсінік танымалдылық алу жолында қарқындауда. Ал осы блогерлік сала арқылы табыс тауып жатқан жандар қаншама. Олар интернет көмегін дұрыс бағытта пайдаланып, SMM, PR маманы ретінде қосымша дамып жатыр. Бұл - заманның даму бағдары, яғни, ғаламтор көмегімен заман талабынан қалмауға әрі жеке басыңа жетерліктей қаржы игеруге беріліп тұрған аса үлкен мүмкіндік.
...