Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауызекі тілде кездесетін диалектілер мен варваризмдер

Автор:   •  Октябрь 12, 2020  •  Контрольная работа  •  405 Слов (2 Страниц)  •  505 Просмотры

Страница 1 из 2

Ауызекі тілде кездесетін диалектілер мен варваризмдер

Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі мақсаты – қатынас жасау. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбінде диалог түрінде келеді.

Тілімізде баламасы бола тұрып, өмірге қажетті болмаса да, орынсыз қолданылған шет елдік сөздерді варваризмдер деп атап жүрміз. Солай екені ақиқат шындық. Алайда тілімізге орынсыз енген шет елдік сөздерді ретіне қарай қажетке жаратуға болатындығын Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты оқулығында былайша тұжырымдайды:

  1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін көрсету мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мысалы, неміс халқының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кай-зер сияқты, ағылшын өмірін суреттегенде сэр, мистер, коттедж тәрізді сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана, аул, кәуап, арық, пиала, паранджа тәрізді сөздерді қолдану орынды деп есептеледі.
  2. Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да варваризмдерді пайдаланады. Мәселен халық әні «Он алты қыз» әнінде

Астыма мінген атым атым генадушка,

Шабамын көңіл ашып немношка,

Не стоит, на свете жить етуге

Азырақ ойнап-күлмей молодушка.

  1. Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын болған жағдайда, варваризмдер сол қалпында еш өзгерілмей алынады. Мысалы, Абай Құнанбаев шығармаларында қазақ тіліне енбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: везит, виноваат, военный, образование, уездный начальник, закон, судья, счет, такт.
  2. Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз қылықтарды келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы

Барымта мен партия

Бәрі мастық, жұрт құмар

Сыпыра елірме, сұрқия

Көп пияншік нені ұғар?

Абайдың пияншік деген орыс сөзі ел ішіне бүлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларда мысқылдап, жұртқа мазақ етіп көрсету үшін пайдаланылған.

  1. Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі пайдаланады.

Мысалы: Осы ниметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алмадық.

Вечно сендер маған күлесіңдер. По-рубой қатын болып мұндай күнде тамақ тасура.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (77.8 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club