Спорт денсаулық кепілі
Автор: amaniyaz.aliya95 • Июль 5, 2023 • Доклад • 503 Слов (3 Страниц) • 155 Просмотры
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі»
/9 «ә» класс/
[pic 1]
Класс жетекші: Ә.Т.Аманияз
2022-2023 оқу жылы
Күні:16.05.2023
Тақырыбы: «Спорт денсаулық кепілі»
Сабақ түрі: Спорттық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Өтілетін орны: Спорт зал
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қапшықтар, дойбылар.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Спорт- денсаулық кепілі» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінде осындай сыныптан-тыс сабақ біздің мектебіміздің 9 «ә» сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Сауығып айдай толасың.
Жақсы азамат боласың.
Спортты серік ете біл,
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
(сынып сап түзеп, орындарына келіп тұрады).
Мұғалім: қане оқушылар, мына жерге жақындап Q-код арқылы барлығымыз топқа бөлінейік.
Үш топқа бөлінген соң әр топ өздеріне лайықты ат қойып қазылар алқасына тапсырасыздар. Бүгінгі сабағымыз 4 кезеңнен тұратын болады.
І кезең: «Кедергілер»
ІІ кезең: «Алғыр болсаң»
ІІІ кезең: «Баскетбол» добы
ІV кезең: «Жүйріктер» алаңы
Ендеше, оқушылар сайысымызды бастаймыз.
І кезең: «Кедергілер», яғни алдымызда тұрған кедергілерге тиіп кетпей, жылдам өтіп алдымызда тұрған логикалық есептерді шығаруымыз керек. Ең жылдым әрі логикалық есепті дұрыс шығарған топ ең жоғарғы ұпаймен бағаланады.
Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
Үйдің 1 - ші қабатынан 3 - ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1 - ші қабатынан 6 - шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек? Шешімі: 52: 2=26 26+26+26+52=130 б
...