Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Реферат  •  1,463 Слов (6 Страниц)  •  1,708 Просмотры

Страница 1 из 6

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы

Аннотация. Адам мәдениетінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек.

Әл-Фараби

Кілттік сөздер:эмоциалдық, бағдарлама-нормативтік.

Abstract. The development of human culture is its health: if it is healthy you should keep it, and if it is not healthy you should improve your health.

Al-Farabi

Keywords: emotional, program-normative

. [pic 1]

Жоспар.

  1. Қолданбалы дене мәдениеті
  2. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері

Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл — әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.

Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.

Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.

Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.

Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.

Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері

студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:

  1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
  2. Дене тәрбиесінің әдістемесі — әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
  3. Спорт теориясы мен әдістемесі — жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуаты білімі», «Дене дамуы».

    Дене тәрбиесі – ол адамның жан-жақты жарасымды қалыптасуына, дененің дұрыс дамуына, денсаулығына, өмірге керекті қозғалыс аппараттарының белсенділігін арттыруға және дене күші мен рухани күшінің бірлесіуне бағытталған саналы тәрбие жұмысы. Бұл жан-жақты тәрбие жүйесі адам азғаларының бірлігінен , оны бөлуге  болмайтындығынан туындап отыр. Адам ағзасы бір және бүтін болғандықтан, оның дене мүшесінің қасиеттерінің бәрін бірдей дамыту керек.  Өйткені, адамның әрбір жеке қасиетінің төмендеуі оның өзге тәрбие тек денені, не жанды емес, адамды тәрбиелеу бағытында жүру керек.А.Н. Вишневский дене тәрбиесінде 2 бағыт қолданылатындығын көрсетеді. Біріншісі – дененің дұрыс өсуіне және сол дененің саулығына бағытталса, екінші бағыт – дене мүшелерінің қалыпты өсуіне, шыдамдылық, беріктілік, икемділік қасиеттерін дамытуға бағытталған.Дене мәдениеті – адамның дене қуатын жетілдіруге  қолданылатын мемлекеттің , қоғамның  материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы  білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.Дене мәдениетінің бағыттары: негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтар, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.Негізгі дене мәдениетінің міндеттері – біріншіден адамдардың өмірінен керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізгі) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдануы.  Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында , оқу-тәрбие мекемелерінде дене тірбиесі сабақтары, әр түрлі жаттықтыру  түрлерінде жүргізіледі. Осыған орай өз сабақтарымда сабақтың құрылымына көп көңіл бөлеміз.Сабақтын құрылымы- бұл ойының мазмұн элементтерін дене тәрбиесі сабағында дидактикалық негізделген қатынасы мен реттілігі. Педагог дайындығы – Дене тәрбиесі сабағының мазмұндық – ұйымдастырушылық мәнін бейнелейді және бақыланады: көрнекі нысанда қозғалыстағы  қыймылды, спорттық жаттығулардың әр түрін педагогтың айтуы арқылы ұсынуы, ұстаздық оқыту, тәрбиелеу және ұйымдастыру әдістерімен тәсілдері қолдануы.Сабақтын кіріспе – дайындық бөлімі жас мамандардын негізгі бөлімінде жұмыс істеуінің алғашшарттарының қамтамасыз етеді. Оның мазмұны мен міндеттер: а) бастапқы ұйымдастыру: сапқа тұрғызу, сабаққа топтын дайын екенін жөнінде рапорт беру, бір орындағы саптық  жаттығулар; ә) мақсатты нұсқау жасау (сабақтын міндетін хабарлау); б) түрлі ойындарды қолданып, рухани және жағымды қызу кандылыкты қамтамасыз ету ( ұсақ құрал жабдықтарды және ұлттық ойын әдістерін пайдалана отырып, жаттығуды жаппай орындау); в) жалпы қыздырынуы, дене қызметін ойын ережесіне біртіндеп кірістіру және бір қалыпты белсенділікке қол жеткізу(шапшан менгеруге келетін, ұлттық ойындарға келтірген қарапайым дене жаттығуларын және бұрын игерген жаттығуларды, ұлттық ойында қолданатын жүру, жүгірудін әртүрлі байланыстарын орындау); г) оларға өз денесінің қимыл – қозғалыстарын басқару қаблетін дамыту мақсатында жаттығулар техникасын үйрету.Сабақтын қортынды бөлімі, оқушылардын ағзаларын келесі қызмет үшін тиімді қозғалысжағдайына келтіру және осы қызметке нақты жағдай жасау мақсатын көздейді. Негізгі типтін міндеттері мен мазмұны мынадай: а) тұлғанын физикалық қызуын және бұлшық еттерінің жеке топтарының артық жиыруылын төмендету;

...

Скачать:   txt (22.2 Kb)   pdf (146.9 Kb)   docx (26.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club