Қылмыстық құқық институндағы себепті байланыстың ерекшелігі
Автор: Arman373 • Апрель 22, 2019 • Курсовая работа • 4,549 Слов (19 Страниц) • 716 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ...........................................................................
1.1 Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі..............................................
1.2 Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс белгілері мен түрлері......................
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ..
2.1 Қылмыстық құқық институндағы себепті байланыстың ерекшелігі.................
2.2 Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс пен әрекетсіздіктің арақатынасы...
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қылмыстық құқықтағы себепті байланысты қарастырамыз.
Тақырыптың өзектілігі: Қылмыстық құқықтағы іс - әрекет пен одан туындаған зардаптың арасын объективті түрде байланыстыратын - себепті байланыс. Себепті байланыс философиялық санат болып табылады. Ол «себеп» және «байланыс» деген екі ұғымның бірлігін құрайды. Себепті байланыс— себеп және әрекеттің байланысы, себептен әрекетке ауысу болып табылады [4, 365]. Себеп болмаса салдар да болмайды. Себеп латын тілінің «сайза» деген сөзінен шыққан. Алғашқы сатысында себеп бір нәрсе жасайтын немесе тудыратын зат есебінде түсіндіріледі. Себеп ұғымын осылай түсіну, күш деген ұғымның пайда болуына түрткі болады. Күш дегеніміз — өз әрекетінің нәтижесінде өзгеріс жасайтын заттың қабілеті. Әрекет етуші себеп, өзгеріс аркылы салдар туғызады. Себеп және салдар арасындағы өзара байланыс себепті байланыс деп аталады. Байланыс дегеніміз, кеңістік пен (немесе) уақытқа бөлініп құбылыстардың өзара келісіммен өмір сүруі [5, 317].
Байланыс Ғылыми ұғымдардың ішіндегі маңызды ұғымдардың бірі. Тұрақты да, қажетті байланыстарды табу арқылы адамның танымы басталады, ал Ғылым негізінде, себеп және салдардың байланысын талдау жатыр. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы себепті байланыс ұғымын қолдана отырып, бұл ұғымның анықтамасын қылмыстық заңда бекітпеген. Себеп байланыс ұғымын философия ғылымы өз заңдылығына сүйене отырып қалай түсіндірсе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы және сот тәжірибесі бұл ұғымды солай пайдаланады, яғни біздің ойымызша, қылмыстық құқықта себепті байланысты философиялық тұрғыдан бөлек түсіндіретін ұғым жок. Бірақ себепті байланыстың философиялық ұғымы қылмыстық құқық үшін жарамсыз болғандықтан, қылмыстық құқық өз шеңберінде себепті байланыстың ұғымын қалыптастыру керек деген көзқарастар да жоқ емес. Қылмыстық құқық басқа ғылымдармен байланыспай, жеке алғанда барлық ғылымдарға ортақ философияның негізгі қағидаларын ескермей, түп-тамыры философиядан шығатын санаттардың, қылмыстық құқықта ғылыми тұжырымдарын жасай алмайды. Сондықтан да, қылмыстық кұкык өз аясында философия ғылымынан бөлек себепті байланыс ұғымын қалыптастыру ойға сыймайтын нәрсе.
«Құқық, философиялық түсініктен бөлек өзінің ерекше себепті байланыс ұғымын қалыптастыру қажет» деген шетел заңгерлерінің көзқарасына Т.В. Церетели, А.Н.Трайнин, және А.А.Пионтковский, және Б.С.Антимонов, М.Д. Шаргородский, Ф. Полячек және басқа да ғалымдар қарсы шығады. Осы орайда Т.В.Церетели былай деп көрсетеді: «Қылмыстық құқық ғылымы басқа ғылымдардан бөлініп, ұғымдар туралы өзінің жеке түсінігін қалыптастырса, ол қылмыстық құқықтың азып — тозуына әкеп соғады; ғылыми негізделіп және теориялық тексерілген ұғымдар, негізсіз және абстрактылы заң ұғымдарына айналады» [6, 172]. Расында да қылмыстық құқық, себепті байланыс және басқа ұғымдарды философия ғылымының заңдылығына сүйенбей өзгеше түсіндіретін болса, онда қылмыстық құқық ғылыми дәлелденбеген және негізсіз ұғымдардың аясына айналып кетуші еді. Философиялық тұрғыдан алғанда, себепті байланыс дегеніміз, бір күбылыс (себеп), екіншісіне (салдар) алғышарт болып, оны қажеттіліктен тудыратын екі кұбылыстың арасындағы байланыс. Қазақстан Республикасының қылмыстық кұкындағы себепті байланыс ұғымы философия ғылымының заңдылығымен түсіндіріледі және оның түп нұсқасы, аталған ғылымының негізінде жатыр. Қылмыстық құқық теориясындағы себепті байланыс аса күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізгі шарты қылмыстық іс - әрекет пен одан пайда болатын қоғамға қауіпті салдардың арасында себепті байланысты анықтау болып табылады. Көп жағдайларда іс-әрекет пен одан туындаған зардап өзара тығыз байланыста болғандықтан, Олардың арасында себепті байланысты анықтау қиынға соқпайды.
...