Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық контрабанда

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Лекция  •  890 Слов (4 Страниц)  •  165 Просмотры

Страница 1 из 4

5-секция:  Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйені дамыту мәселелері

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫ САРАЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстанда қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданып бекітлген.

Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодексінде экономикалық контрабанда бойынша екі бап айқын көріністе орныққан: «Экономикалық контрабанда»         (ҚР ҚК-нің 234-бабы) және «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» (ҚР ҚК-нің 286-бабы). Әр қайсысы жеке жауаптылықты көздейтін жеке баптар болып көрсетілді.

Экономикалық контрабанда мемлекет пайдасына экономикалық залал мен нұқсанды келтіреді, ал айналымнан шығарылған контрабандалық заттар қоғамдық зиян келтіреді. Сондай-ақ, мемлекеттік шекарада тасымалданатын заттарға байланысты айырмашылықты анықтау қажет. Мысалы, экономикалық контрабандалық жолмен тасымалдау кезінде заттардың шекарада үлкен көлемде тасымалданады, ал айналымнан алынып қойған немесе айналымы шектеулі заттардың контрабандасында тасылмаданатын заттар біршама ерекшеленеді.

 Тауарларды немесе басқа құнды заттар мен нәрселердi заңсыз алып өту кеден аумағына кiргiзу немесе оларды осы аумақтан шығару жолымен жүргiзiлуi мүмкiн.

Аталған санаттағы қылмыстарды жасау кезiнде қандай да бiр қылмыс зардаптарының басталуы қажет етiлмейдi. Осыған байланысты, тауарларды немесе ірі мөлшердегі өзге де заттарды «кеден транзиті» кеден рәсімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы бойынша заңсыз алып өту кезінде жасалған әрекеті тауарлардың немесе заттардың аталған одаққа қатысушы мемлекеттердің ішкі не үшінші елдердің сыртқы транзит аумағында олардың пайдаланылуы үшін арналғанына қарамастан ҚР ҚК-нің 234-бабы бойынша сараланғаны дұрыс.

  Экономикалық контрабанда мүлкi ретiнде кез-келген материалдық дүниенiң қозғалмалы заттарын, оның iшiнде валюталық құндылықтар, валюта, жылу, электр немесе энергияның басқа да түрлерi мен көлiк құралдары деп түсiну керек. Оларға сондай-ақ халықтың ғылыми, көркем, археологиялық және тарихи байлығы ретiнде мәнi бар мәдени құндылықтарды - өнер шығармалары, көне заттар, осындай мәнi бар нәрселер, интеллектуалды меншiк нысандары, құрып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен ауытқуы (содан туындайтын) жатады.  Аталған, сондай-ақ басқа да айналыстан алынбаған заттарды немесе айналысы шектелмеген заттарды (мысалы, киiм, азықтүлiк, аяқ киiм, парфюмерлiк заттар және т.б.) Еуразиялық экономикалық қауымдастық кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзу үшiн жауапкершiлiк ҚР ҚК-нiң 234-бабында айқындалған.

 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа құжатты нысанда қолма-қол шетел және ұлттық валютаны, вексельдерді, чектерді (оның ішінде жол чектерін), бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету шектеусіз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомаға қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалатын монеталарды қоспағанда) және (немесе) жол чектерін Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушылар болып табылмайтын елдің аумағынан Қазақстан Республикасына біржолғы әкелу немесе Қазақстан Республикасынан осындай елдердің аумағына әкету кезінде, аталған құндылықтар әкелінетін немесе әкетілетін сомаға жолаушылардың кедендік декларациясын тапсыру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатады.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (68.8 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club