Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі

Автор:   •  Июль 2, 2024  •  Реферат  •  1,373 Слов (6 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 6

Жоспар:

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі.

 2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.

 3. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату негіздері. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары.

 4. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және сотталғандықты жою мерзімдері.

Қылмыстық заңда кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Яғни, ҚР ҚК-нің Жалпы бөлігінің алтыншы бөлімі толығымен, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына арналған.

 Бұл мемлекеттің әділеттік және ізгілік қағидасын басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай, қылмыстық заң, кәмелетке толмағандарға қатысты ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оң жолы болып табылады. Сондықтан, қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.

ҚР ҚК-нің 80-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандар депқылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады – делінген.

 Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын ең төменгі жас мөлшері 14 жас болып табылады.

ҚК-тің Жалпы бөлігінің алтыншы бөлімінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері көзделген мына төмендегідей нормалар қарастырылған:80-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы;81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi;82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау;83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату;84-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары;85-бап. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері;86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату;87-бап. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру;88-бап. Ескіру мерзімдері;89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi;90-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға қолдану.

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

  1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:
  1. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
  2. Айыппұл;
  3. Түзеу жұмыстары;
  4. Қоғамдық жұмыстарға тарту;
  5. Бас бостандығын шектеу;
  6. Бас бостандығынан айыру болып табылады.
  1. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
  2. Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.
  3. Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.
  4. Қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
  5. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу – екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған өтелмеген бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.
  6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

  1. Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

      9. Алып тасталды – ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.

ҚР ҚК-нің 83-бабында Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату қарастырылған, онда:

1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (70.9 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club