Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есі дұрыс еместік және оның критерийлері

Автор:   •  Сентябрь 24, 2025  •  Реферат  •  748 Слов (3 Страниц)  •  353 Просмотры

Страница 1 из 3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

[pic 1]

БӨЖ

Тақырыбы: «Есі дұрыс еместік және оның критерийлері»

Тобы:ЗҚТ-212

Орындаған: Кенесары Н.

Қабылдаған:

                                     Түркістан-2023 жыл                                        

 Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

                                                 КІРІСПЕ

Есі дұрыс еместік — қоғамдық кауіпті әрекетті жасаған кезде, психикасының дертке ұшырауы немесе кем ақылдығы салдары арқылы көрінетін өзінің іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдык қауіптілігін ұғына алмаушылығы. Есі дұрыс емес күйде құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес, ондай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады.

II. Негізгі бөлім

Есi дұрыстық дегенiмiз - қоғамға қауiптi iс-əрекет жасаған кезде өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң iс жүзiндегi сипатын, қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатын, оны басқара алатын қабiлет. Есi дұрыстық ұғымы кiнə түсiнiгiмен тығыз байланысты, себебi тек есi дұрыс адам ғана кiнəлi деп танылады. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау кездегi психикалық жағдайын сипаттайтын есi дұрыстық сот-психиатриялық сараптама комиссияның қорытындысымен анықталады. Алайда, адамды есi дұрыс немесе есi дұрыс емес деп тану туралы шешiмдi шығару соттың құзыретiнде. Адамды есi дұрыс деп танудың салдары болып адамға жасаған қылмысы үшiн жауап беру мiндетiн жүктеп, оны жауаптылық пен жазаға тарту табылады.

Есi дұрыстық туралы сөз қозғағанда, қылмыстық заңда толық жəне шектелген есi дұрыстық мəселелерi қарастырылған. ҚР Қылмыстық Кодексiне алғаш рет есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгiзiлдi. ҚК-ң 17-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаған не оларға ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа жатады. Мұнда есi дұрыстықтың бiр түрi - шектеулi есi дұрыстық.

Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған уақытта психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаған не оларға ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа жатады жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы. Есiнiң дұрыстығы шектеулi адам психикасының ауытқуынан күйзелiсте болады, бiрақ бiршама төмен болса да өз iс-əрекетiне есеп беру жəне оны басқару қабiлетiн сақтайды. Шектеулi есi дұрыстық кезiнде адамның психикалық жағдайы есi дұрыстық пен есi дұрыс еместiк жағдайларының аралығында болады. ҚК 17-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететін мән-жай ретiнде есепке алады және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (177.3 Kb)   docx (224.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club