Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақсөзі қайдан шықты

Автор:   •  Январь 8, 2019  •  Реферат  •  337 Слов (2 Страниц)  •  688 Просмотры

Страница 1 из 2

Ақкөл ауданы, Қара-өзек ауылы А.Құсайынов атындағы орта мектеп Аяған Нұржан Алдоңғарұлы тарих пәні мұғалімі    

Қазақ сөзі қайдан шықты?

Қазақ халқының тарихы-бірігу тарихы. ...Қазақ тарихында  қазақ ұялатын ештеңе жоқ.         Н.Ә.Назарбаев.

         «Қазақ» сөзі жеке сөз ретінде де сараланып, төркіні анықталған жоқ. Тек толып жатқан топшылаулар мен болжамдар ғана. Бұл бұл ма керек десеңіз, «қазақ» сөзінің қай халықтың тілдік қорының қазынасы екені де белгісіз. Әйтеуір бәріміз үйренген, әркімнен естіген «түрік сөзі» дейміз. Жазушы Қойшығара Салғара ағамыздың айтуы бойынша «ғалымдардың  бір тобы «қазақ» сөзінің төркінін халықтық этимологиядан іздейді. Ондағы нұсқалар да әркелкі. Аңыздардағы бір желісіне тоқталған ғалым, «Тізбектелген түйелі көші қайтқан қазға ұқсап тізіліп бара жатқан жұртты көріп, көршілері «мыналар қалай қаздай тізіледі, қазақ екен» деп таңданыпты-мыс. Содан кейін олар осы жұртты «қазақ» деп атап кетіпті». Қайтқан қазға ұқсап тізіліп, көшіп бара жатқан кім, оған таңданып «қаз-ақ» екен деп таңданып тұрғандар кім? Аңызда оған жауап жоқ. Енді біреулері «қас» және «сақ» деген екі сөздің қосылып, бірігуінен пайда болған дейді. «Қазақ» сөзінің шығу төркінін қазақ жерінде V-VIII ғасырларда өмір сүрген «аз» деп аталатын тайпа атымен қиюластыратын ғалымдар да табылды деп тұжырымдайды ғалым Қойшығара Салғара. Тарих ғылымының майталманы, жазушы ағамыздың еңбектеріне көз жүгіртсек  «бұрынғы Торғай обылысы Амангелді ауданының тереториясында кешегі Қазан төңкерісіне дейін қаз тайпасының  5-6 руы мекендеп келді. «Алуан-алуан» жүйрік бар, әліне қарай жүкіреді» дегендей, аты қаз дегенмен, келе-келе олардың ішінен де ерлік ісімен, шеп бұзар батырлығымен, айлалы тапқырлығымен ерекшеленген қаздар шықты. Өзге жұрт бұл ерекшеленгендерді «қазақ» деп атады. Мұндағы қазға тіркесіп тұрған «ақ»- сөзді күшейтетін жалғау. Бұл жалғауды Әлкей Марғұлан өте ескі замандікі дейді. Яғни «қазақ» қаздың тәуірі, күштісі батылы, түптеп келгенде «қазақ» сөзінің шығу тегі осындай» деп тұжырымдайды. «Қазақ» сөзінің түбі қайдан шыққанын түгендеп болған жоқпыз «қазақ» сөзінің шығу тегі жайлы сан пікірлер мен тұжырымдар жүздеп кездеседі. Бүгінгі таңда тарихшылар, тіл мамандары арасында «қазақ» сөзінің шығу тегі туралы пікірталас толастамай тұр, қандай мағынаны берсе де бүгінгі іргесі нық  қаланған, ата-бабаларымыз арман еткен дербес «Қазақ елі» мәңгі жасасын.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (84.2 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club