Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Автор: kazybaeva_n • Январь 23, 2022 • Лекция • 1,592 Слов (7 Страниц) • 357 Просмотры
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Қылмыстық құқықтың түсінігі. Мемлекет пен қылмыс жасаған тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды қорғайтын ережелердің жиынтығын қылмыстық құқық деп айтамыз. Ол осы жолда қандай әрекеттер қылмыс болып табылатындығын, олар үшін қандай жазалар қолдану керектігін, қандай жағдайларда тұлға жаза мен жауаптылықтан босатылатындығын қарастырады.
Жоғары анықтамадан қылмыстық құқықтың міндеттері шығады. Қылмыстық құқықтың негізгі екі міндеті бар. Ол қорғау және реттеу.
Қылмыстық заң. Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын заңдардың бірі ғана емес, бірегейі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қылмыстық кодекстің құрылымы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Алғашқысы бырлық қылмыс түрлеріне қатысты ережелерді құрайды, онда нақты бір қылмыстың аты, не болмаса сипаттамасы жоқ, әңгіме тек барлық қылмыс жайында. Ал ерекше бөлім, тек жеке-жеке қылмыстарды сипаттаудан тұрады. ҚК баптардан, баптар бөліктерден, бөліктер тармақтардан тұрады.
Қылмыстық заң қай кезден бастап қолданылады? Әдетте ҚК қабылданған соң қай уақыттан қолданылатыны көрсетіледі, егер көрсетілмесе, басқа заңдар сияқты баспасөзде ресми жарияланған соң он күннен кейін күшіне енеді. Біз жоғарыда 1997 жылы жаңа ҚК қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді дедік. Енді бір адам 1996 жылы қылмыс жасайды да 1999 жылы ұсталады.Яғни, ескі заң күшінде тұрғанда қылмыс жасап, жаңа заң қолданылып жүргенде ұсталады. Қай заңды қолданамыз? – деген заңды сұрақ туады. Ондай кездерде екі заңдағы сол қылмысты салыстырып қараймыз. Қай заң қылмыс жасаушының жағдайын жақсартады, сол заң қолданылады.
Егер әрекет (қылмыс) жасалған сәттегі қылмыстық заң емес одан кейін қолданылған заң қолданылса, ондай жағдайды қылмыстық заңның кері күші дейміз.
Қылмыс түсінігі мен белгілері. Қылмысқа ҚК-тің 9-бабында мынадай анықтама берілген: “Осы Кодесте жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс пен танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді”.
Жоғарыда ҚК-тің 9-бабында көрсетілген анықтаманың өзінен қылмыстың негізгі төрт белгісі шығады. Бұл:
- әрекеттің қоғамға қауіптілігі, ол әрекеттің заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіре алу қабілеті. Бірақ қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы бірдей қылмыс емес. Тек ерекше құнды мүдделерге қомақты зиян келтіру қабілеті бар әрекеттер ғана қылмыс болып табылады (мысалы, адамның өмірін қию, мүлікті ұрлау және т.б.). 9-баптың екінші бөлігінде сәйкес көрсетілген әрекеттер сырт қарағанда қылмысқа ұқсағанымен қоғамға қауіпті болмаса, яғни жеке адамға, қоғамға, мемлекетке зиян келтірмесе, тіпті зиян келтіру қаупін туғызбаса, ол қылмыс болып табылмайды. Мысалы, басқа біреудің қаламсабын ұрап алу.
- Заңға қыйшылығы, яғни ҚК-те көрсетілген, ойдан шығырылған әрекет қылмыс емес, мысалы, тауарды бір жерден алып екінші жерге сату ҚК-те көрсетілмеген, демек, ол қылмыс емес.
- Кінәлілігі, яғни кез-келген қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекет не қасақана, не абайсызда жасалу керек, адамның санасы мен еркінен тыс болған әрекет те қылмыс емес. Айталық осы шыққан мылтық дауысынан шаштараздың қолы селк ете қалды да, ұстарашы шаш алдырушының бетін тіліп кетті. Бұл қылмыс емес, өйткені ол зардапты (қасақана) тілеген жоқ, тіпті (абайсызда) көре де білген жоқ.
- Жазаланатындығы.
Қылмыс ауырлығына қарай төртке бөлінеді: кешірілім ауырлықтағы, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар.
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату. Заң шығарушы кейбір кейбір жағдайларда кінәлі адамды жаза мен жауаптылықтан босатқанды жөн көреді, өйткені дәл сол кезеңде ол қоғам үшін соншалықты қауіпті болмайды.
Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлері:
• Шын өкінуіне байланысты. Егер айыпты адам қылмыс (кішігірім немесе орта ауырлықтағы) жасаған соң өзі мойындап келсе, не қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе зиянды басқалай қалпына келтірсе, жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
...